Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3462 0 пікір 12 Қаңтар, 2016 сағат 11:09

ТЕҢГЕ ТАҒЫ ДА ҚҰНСЫЗДАНДЫ

Дүйсенбі күні Қазақстанның қор биржасында АҚШ долларының бағамы 357,66 теңге болды. Бұл теңге үшін антирекорд.

Ресей рублінің бағамы Мәскеу қор биржасында 1 АҚШ доллары үшін 76 рубль болды. Ал еуро 84 рубльді құрады. Екі валюта да 2014 жылдың желтоқсан айынан бері жаңа көрсеткішке жетті.

Теңге мен рубль бағамы мұнай бағасының және Қытай нарығының құлдырауына байланысты төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайы дүйсенбі күні бір барреліне 33 долларға түсті. Өткен аптада мұнай бағасы 10 пайызға төмен түскен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413