Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 7654 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 12:08

ВАНГА: "РИМ ХАЛИФАТТЫҢ АСТАНАСЫ БОЛАДЫ"

Болгардың атақты көріпкелі Ванга көзінің тірісінде 2016 жылы еуропалықтарға қарсы химиялық қару қолданылатынын болжап кетіпті. Бұл туралы «Новости и факты» хабарлады.

Көріпкел мұны «ірі мұсылман соғысы» деп атап көрсетіпті.

1911-1996 жылдары өмір сүрген Ванганың көп нәрсені өте дәл болжап кеткені де белгілі. Мамандар оның болжамдарының (егер барлық айтқан мәлімдемелерін түгел алсақ) шамамен 85 пайызы айна-қатесіз дәл келді деп бағалап отыр. Ол, атап айтқанда, АҚШ-та 2001 жылғы қыркүйекте орын алған қанды терактіні, климаттың өзгеруін, 2004 жылғы алапат цунамиді, «Курск» сүңгуір кемесінің апатын, сондай-ақ тіпті Американың 44-ші президенті қара нәсілді (Барак Обама) болатынын «көре білген». Соңғысын ол 1989 жылы болжаған… және оны «АҚШ-тың ең соңғы президенті» деп атап көрсеткен екен.

12 жасында су қараңғы соқыр болып қалатын Вангелия Гуштерованың 2016 жылға арналған болжамы да бар болып шықты. Осы көріпкелдікке қарап отырып, біз осы жылы мұсылман экстремистерінің Кәрі құрлыққа кіріп кететінін, осының салдарынан «үлкен мұсылман соғысының» бұрқ ете қалатынын білеміз. Ванга ұрыс алдымен Сирияда басталып, оның 2043 жылы Римнің халифат астанасы болуымен аяқталатынын айтыпты.

«2016 жылы мұсылмандардың Еуропаға басып кіруі күтіледі, – депті Ванга. – Бұл жыл соңында континенттің әдеттегі мағынасында тіршілік етуін тоқтатынын білдіреді. Мәселе мынада, экстремистер еуропалықтарға қарсы химиялық қару қолданады».

Бәлкім, бұл болжамды «құлақтан ұру» ретінде қабылдаудың өзі қиындау шығар. Оның үстіне, мұның алды келіп те жатыр. Болгар көріпкелі мұның бәрі «араб көктемінен» бастау алатынын да анық білген. Ол мұны Тунистен басталатын Таяу Шығыстағы көптеген революциялар ретінде атап өтіпті де, түйінді жайлардың Сирияда ойналатынына тоқталыпты.

ras.kz 

Түпнұсқадағы тақырып: Атақты көріпкел Ванганың 2016 жылға жасаған болжамы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383