Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4177 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 10:47

ШВЕЦИЯ МЕН ДАНИЯ ШЕКАРАЛАРЫНА БАҚЫЛАУ ОРНАТТЫ

Дания бүгін Германиямен шекарасында уақытша шекаралық бақылау орнатқанын хабарлады.

Елдің премьер-министрі Ларс Лёкке Расмуссен Дания үшін Скандинавия елдерінің шекараларын жаба бастауының үлкен зардаптары болатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жайт, елге ағылған босқындар санын арттырады. France-Pressтің хабарлауынша, әзірге шекаралық бақылау он күнге енгізілген, алайда бұл мерзім аяқталысымен тағы да созылуы мүмкін.

Мұның алдында Швеция босқындардың жаппай ағылуының алдын алу үшін, Даниямен арадағы шекарада құжаттар тексеруді бастады. Швед үкіметі босқындардың есепсіз ағынын басқаруға шамасы жетпейтіні туралы мәлімдеді. 2015 жылы Швеция 160 мың, ал Дания  18 мың босқынға баспана берген.

Германия СІМ Дания мен Швецияның шараларын Шенген аумағына қатер төндіреді деп сынға алды. Былтыр Европаға миллионнан астам мигрант пен босқын келген, олардың көпшілігі Сирия, Ирак және Ауғанстан азаматтары.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354