Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4785 0 пікір 4 Қаңтар, 2016 сағат 10:49

ИМ ИРАКТАҒЫ БАЗАҒА ШАБУЫЛДЫ МОЙНЫНА АЛДЫ

Бүгін Иракта Тикрит қаласының маңындағы әскери базаға шабуыл кезінде кемінде 15 жауынгер қаза тауып, 22-сі жараланды.

Шабуылға бес жанкешті қатысқан. Ирак қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, олардың екеуі бұрын АҚШ қарулы күштеріне тиесілі болған Camp Speicher әскери базасының қақпасының алдында көліктерді жарған. Қалған үшеуі ирак полицейлері жаттығатын аумаққа басып кірген соң, өздерін жарып жіберген. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы интернет арқылы шабуылды өздері ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Бірнеше күн бұрын Ирак билігі 2015 жылдың жазында содырлар басып алған Рамади қаласын азат еткені туралы хабарлаған еді. Соңғы жылдары «Ислам мемлекетінің» содырлары Ирактың солтүстігі мен батысының едәуір бөлігіне бақылау орнатып үлгерді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1011
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2552
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 705
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675