Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5993 0 пікір 4 Қаңтар, 2016 сағат 10:42

ТӘЖІКСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БАСЫНА КҮН ТУДЫ

Экономистер 2015 жылды Тәжікстан экономикасы үшін 21-ші ғасырдың басынан бергі ең ауыр жыл ретінде атады.

Олардың сөзінше, посткеңестік кедей елді алда бұдан да қиын шақтар күтіп тұр.Тәжікстан экономикасы үшін 2008-2009 жылдардағы дағдарыс қазіргі тоқыраумен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл болған.

Тәжікстан экономикасындағы дағдарыстың басты себептері Ресей  экономикасындағы дағдарыспен,мигранттардан түсетін ақша салымдары көлемінің азаюымен, ұлттық валютаның америкалық доллар мен евроға қатысты 30 пайызға арзандауымен және республиканың басты экспорттық өнімдері - алюминий мен мақта бағасының құлдырауымен байланысты. Бұл жағдайлар Тәжікстан үкіметін дағдарысқа қарсы жоспар дайындауға мәжбүр етті. Душанбе Қазақстан мен Әзірбайжанның тәжірибесін басшылыққа алып, сомони бағамын еркіне жіберуі мүмкін. Дегенмен валюта бағамын  босатып жіберсе, оның қай межеге дейін ауытқитыны белгісіз.

Сомонидың девальвациясы Ресейдегі экономикалық дағдарыс әсерінен осы елде жұмыс істейтін тәжік мигранттары аударатын ақша көлемінің азаюымен тығыз байланысты. Ресейдің Орталық банкінің дерегінше, былтырғы жылдың соңғы тоғыз айында мигранттар Тәжікстанға 1 млрд 54 млн доллар аударған. Бір жыл бұрын Тәжікстанның Ресейде істейтін 1 млн азаматы отанына  3,8 млр доллар, алоның алдыңғы жылы - 4,1 млрд доллар жөнелткен.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 996
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2543
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 670