Бішкекте ҚырТАГ - Қырғыз телеграф агенттігі өз жұмысын бастады
Бішкек. 15 маусым. ҚазТАГ- Сейсенбі күні Бішкекте ҚырТАГ брендімен Қырғыз телеграф агенттігі өз жұмысын бастайтындығын оның ұйымдастырушылары мәлім етті.
«ҚырТАГ Қырғыз республикасының әділет министрлігінде ресми тіркеуден өтті, ал аттас медиялық таңба Қырғыз ведомстволық патентімен бізге бекітілді», - деді баспасөз мәслихатында агенттіктің бас редакторы Игорь Шестаков.
ҚырТАГ 1938-ші жылы құрылған болатын және оның соңғы уақытқа дейінгі барлық жаңалықтары, тіпті тәуелсіздікті жариялаған жаңалықтары да ел территориясында түгел таратылатын. Одан кейін әр түрлі себептермен ҚырТАГ қайта құрылымдалды. Мемлекеттік агенттік функциясын ҚҰАА «Кабар» атқара бастады. Сондықтан қайта жанданған ҚырТАГ ескі агенттіктің мұрагері болайын деп отырған жоқ. Ескі атты алған жаңа БАҚ ұжымы оның дәстүрін - хабар лентасындағы жаңалықтарды жылдам және шынайы түрде тарату дәстүрін жалғастырмақшы.
«Қырғызстанда ақпаратқа тиек боларлық себептер жеткілікті және сондықтан ҚырТАГ ең алдымен экономикалық ақпарат қызметін қалпына келтірмекші, ал қоғамдық-саяси ақпараттар ешқандай партияға бүйрек бұрмайтындай бейтарап, шынайы болуы тиіс», - деді баспасөз мәслихатында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев.

Алғашқы жарты жылда ҚырТАГ-тың жаңалықтары алармандарға тегін таратылады, www.kyrtag.kg сайты ашық режимде жұмыс істейді. Одан кейін агенттік жазылу тәртібімен жұмыс бастайды.
«Біздің агенттік тек Бішкектегі оқиғаларға ғана назар аудармай, өңірлердегі жағдайды да назардан тыс қалдырмайды. Біз осы ақпараттық вакуумды мейлінше толтырмақшымыз. Қырғызстанның ақпараттық нарығы әзірге енді қалыптасып келеді. Бірақ әрбір жаңалықтың өзінің бағасы бар. Ал біздің міндетіміз бір жылдан кейін тиімділік деңгейіне шығып, өзін-өзі ақтайтын журналистік ұжым болу», - деді И. Шестаков.