РЕСЕЙ МЕН ТҮРКИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КЕЛІСІМІН БҰЗАДЫ
Ресей 1997 жылы Анкарада қол қойылған екі ел арасындағы азаматтық, сауда және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімнен шығады.
Тиісті мәтін құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланған. Ұсынысты СІМ, Тергеу комитеті және Бас прокуратура мақұлдаған.
Ресей мен Түркия арасы қарашаның 24-де түрік әуе күштері Сириямен шекарада ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген соң шиеленісіп кетті. Анкара ұшақтың ескертулерді елемей, Түркия әуе кеңістігін бұзғанын айтады. Мұны жоққа шығарған Мәскеу Түркияға қарсы бірқатар санкция енгізді.
Абай-ақпарат