Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 8965 0 пікір 23 Желтоқсан, 2015 сағат 12:11

ЖАЛАҚЫМЫЗ – 15.1 МЛН. ТЕҢГЕ. СЕНЕСІЗ БЕ?

Жақында "HeadHunter Қазақстан» сараптама және зерттеу орталығы Қазақстандағы орташа жалақының статистикасын түзген. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей қазақстандық ғалымдар мұнай және газ секторы қызметкерлерімен салыстырғанда үш есе төмен жалақы алады екен. Бұл туралы Абай ақпараттық порталы 365info.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен, Қазақстанда кім қанша жалақы алады?

  1. ҚР білім беру саласының қазметкерлеріне минималды сомада 50 мың теңге, максималды соммада 154577 теңге жалақы төленеді. 
  2. ҚР инжинер-құрылысшылары орташа айлық есеп көрсеткіші 55 мыңнан 120 мыңға жуықтау келеді.
  3. ҚР Денсаулық сақтау саласы қазметкерлері айлық есеп көрсеткіші бойынша 117 мыңнан 179 мыңға жуықты бағамдайды. Бұл көрсеткіш Белорусиялық дәрігерлермен салыстырғанда екі есе жоғары. Ал мәскеулік дәрігерлердің орташа айлық жалақысы-39833-104000 рубль. Теңгеге шаққанда-199165-520000 тг.
  4. ҚР зейнеткерлері минималды көрсеткіште 20782 теңге, максималды базамен 54171 теңге көлемінде зейнетақы алады.  
  5. ҚР Өрт сөндірушілер айына 60 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін жалақы алады екен. Ресейлік өрт сөндіру қызметкерлері айына 34500 рубльден 77500 рубльге дейін өскен.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің орташа жалақылары 96 мың теңге болса, тракторист-машинисттердің жалақылары одан сәл төмендеу - 79-90 мың аралығында. Экономистер - 157 мың, бухгалтерлер - 113 мың теңгені қанағат тұтады. Республика көлемінде орташа жалақының ең жоғарғы көрсеткіші Астана және Алматы қалаларында тіркелген. Бұл қалаларда орташа жалақы көлемі 484 мың мен 542 мың теңгені құрайды. Ал ауылдық жерлердегі мұғалімдердің орташа жалақысы - 82 мың теңге болса, жеке меншік ақылы мектептердегі оқытушылардың айлық жалақысы 74 мың теңгені құраған. Ал балабақшалардағы тәрбиешілер 55 мың теңгеге жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Қазақстандағы мұнай бұрғылау саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы – 275 мың теңгені құраса, құрылыс саласында еңбек етушілер айына – 100 мың теңгеден 150 мың теңге дейін бағаланады. Ал әкімшілік (администрация) персоналдар – 80 мың теңгені қанағат тұтса, күзетшілер 50-80 мың  аралығында жалақы алады екен.

Девальвация банктерді байытып жатыр

Жақында «Ranking.kz» порталы Қазақстандағы банк саласы қызметкерлерінің, соның ішінде банк директорлары мен топ менеджерлерінің 2015 жылдағы орташа табыстарын есептеп шыққан.

Мысалы, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктің активтерінің көлемі 20 триллион теңгеден асып жығылған. Ал Еуразиялық банк жетекшісінің жылдық табысы 2014 жылмен салыстырғанда 90%-дан асқан. Оның үстіне қомағай банктердің бірі де дәл осы банк болып шықты. Банктің 5 бірдей директорлар кеңесіне мүше лауазымды мүшесі орташа есеппен 182 миллион теңге жалақы алған.  

Ең жоғарғы жалақы...

 

«Bank RBK» АҚ  директорының орташа айлық жалақысы – 1,2 миллион теңге болса, «Евразиялық банк» АҚ диекторы – 15,1 млн. теңге, ал басқарма – 8,3 млн. теңге алып отырған. «Банк Хоум Кредит» АҚ директоры айына – 4,5 млн. теңге жалақы алса, оның басқармасы – 3,5 млн. теңгені қанағат тұтады екен. Жоғарыдағылармен салыстырғанда «Казкоммерцбанк» АҚ директорының араны сәл-пәл кішілеу екен. Аталмыш банк директоры бір айда – 736 мың теңге жалақыға күнелтсе, оның басқармасы – 6,7 миллион теңгені місе тұтпайды екен.  «Банк Центр Кредит» АҚ директоры – 2,1 млн.,«Халық банк» АҚ директоры – 11,4 млн. теңге, «АТФ Банк» АҚ директоры – 1 миллион теңге және  «ForteBank»АҚ директоры – 2,2 миллион теңге орташа жалақы алып келген.

Түйін

 Әрине, жоғарыдағы доғал дерекке де дау айтар адам табылар. Оның үстіне, біреудің қазанындағы асқа шүйліккелі тұрғанымыз да шамалы. Дегенмен, қазіргідей қаржылық қиындық қос өкпеден алған қысылтаяң кезеңде жалақы айырмашылығының жер мен көктей болуы қаншалықты әділетті?  Дағдарыс дендеп, ел бюджеті сарқылып, үкімет қарапайым халықтың зейнетақы жинақтарына қол салды. Үкіметтің  айына 5 миллиондап жалақы алатын банк директорлары мен топ менеджерлерінің емес, 50 мың жалақыға отбасын асырап отырған қарапайым күзетшінің зейнет жинағына ауыз салғаны ақылға сыйымсыз, әрине. Десек те, бекіре жеген бектерге билігін жүргізе алмайтын билік, битін сыққан қара халыққа шая көрсетуден алдына жан салмайды. 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373