Сенбі, 10 Қазан 2026
Жаңалықтар 4740 0 пікір 23 Желтоқсан, 2015 сағат 11:44

ЖІКШІЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСҚАН ОТБАСЫ ҚУҒЫНҒА ҰШЫРАДЫ

Қырғызстанның Ала-Бука ауданындағы Кажар ауылының тұрғындары бірнеше мүшесі Сирияға барды және экстремистік топпен байланысы бар деп саналатын отбасын ауылдан қууда.

Жалал-Абад облыстық ІІБ тәртіп сақшыларының аталған жайтты тексеріп жатқанын хабарлады. Бұл отбасының жеті бірдей мүшесі Сириядағы әскери ұрыс аймақтарына барғаны, кейінірек бесеуінің Қырғызстанға қайтып келгені жайлы дерек бар.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі тергеу-тексеру амалдары аяқталмайынша түсініктеме бермейтінін хабарлады.

Ресми дерек бойынша, Қырғызстанның 500-ге жуық азаматы Сирия мен Ирак аумағындағы халықаралық террорлық ұйымның қатарында жүр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 928
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1243