ҚЫТАЙ - ҚЫРҒЫЗ - ӨЗБЕКТАН ТЕМІР ЖОЛЫ ҚҰРЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Қытай - Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысының алғашқы кезеңін 2016 жылы бастау көзделген.
Бұл туралы қырғыз премьер-министрі Темір Сариев ҚТРК «Биринчи радиосының» тікелей эфирінде мәлімдеді.
«Қытай - Қырғызстан – Өзбекстан темір жолы салынған жағдайда біз теңізге шыға аламыз, – деді Сариев. – Қазіргі таңда жоба мақұлдануда, оның ішінде темір жол енінің ұзындығы келісілуде».
Үкімет басшысының айтуынша, темір жол құрылысы ел экономикасын дамытуға серпін береді. Аталған жоба аясында қосымша тиісті инфрақұрылымдық нысандар салу қолға алынады.
Сариев бұл жобалардың бәрі Жібек жолы экономикалық белдеуін жүзеге асыру шеңберінде көзделгенін айтты.
Абай-ақпарат