Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзі 4769 0 пікір 10 Желтоқсан, 2015 сағат 12:52

АХМЕТОВ НАЗАРБАЕВТАН КЕШІРІМ СҰРАДЫ

Жемқорлық қылмыстар бойынша 12 жылға сотталуы мүмкін Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов соттағы соңғы сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады.

Сотталушы Назарбаевты өзінің ұстазы ретінде атап, сонау 1990-шы жылдары Назарбаевтың өз бойынан болашақ басқарушыны көргенін және солай сенім артқанын айтты.

«Мен шын көңіліммен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан сенімін ақтамағаным үшін кешірім сұраймын.  Егер сот пен еліміздің басшысы қатарға қайта қосылуыма мүмкіндік берсе, білімім мен тәжірибемді еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге және адал атымды ақтау үшін жұмсауға дайынмын», - деді соттағы соңғы сөзінде Серік Ахметов.

Ахметов мемлекеттік айыптаушыға дәлелдің жоқтығынан айыптау қорытындысынан аса үлкен көлемде пара алу туралы бапты алып тастағаны үшін алғыс білдірді.  

Ол  шынайы әрі әділетті үкім шығатынына үміттенетінін жеткізді.

Желтоқсанның 9-да аяқталған жарыссөз барысында, бұрынғы премьер-министрдің барлық төрт адвокаты судьядан Ахметовты барлық айыптау баптары бойынша ақтап шығуды сұрады. Серік Ахметов те кінәсіз екендігін мәлімдеп, өзіне осы іс бойынша сотталушы орындығында отырған өзге адамдардың жала жапқанын айтты.

Жалпы осы іс бойынша 21 адамға айып тағылған, олардың арасында Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктері бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502