Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3697 0 пікір 10 Желтоқсан, 2015 сағат 12:47

РЕСЕЙДІ СИРИЯДА "ЭТНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ" ЖАСАП ЖАТЫР ДЕП АЙЫПТАДЫ

Ресей Сирияның солтүстігінде араб-сүниттер мен түркімендерге қарсы «этникалық тазалау» жүргізуде. Бұл туралы сәрсенбі күні Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу мәлімдеді.

«Ресей солтүстік Латакиядан сириялық режимді қолдамайтын араб-сүнниттер мен түркімендерді қуып шығуға тырысуда», – деді ол Стамбулда. Оның сөзінше, Ресей өз әрекеттерімен сириялық оппозицияға соққы бере отырып, Сирияда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының позициясын күшейтуде.

Латакияда ресейлік ұшақтар мен тікұшақтар пайдаланатын әуе базасы орналасқан.

Бұған дейін Түркия мен Ресей бір-бірін «Ислам мемлекетімен» заңсыз мұнай саудасын жасайды деп айыптаған еді.

Екі елдің қарым-қатынасы қарашаның 24-і күні, түріктің әуе күштері Сирияның Түркиямен шекаралас ауданында ресейлік Су-24 жойғыш ұшағын атып түсірген соң шиеленісіп кетті. Анкара ескертулерге қарамастан, ұшақтың өз әуе кеңістігін бұзғанын айтады. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарып, Түркияға қарсы санкциялар енгізді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124