РЕСЕЙ ТҮРКИЯДА АЭС САЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ТОҚТАТЫП ҚОЙДЫ
Түрік билігінің хабарлауынша, Ресей Түркия жеріндегі тұңғыш атом электр стансасы салынып жатқан жердегі құрылыс жұмыстарын тоқтатып қойған.
Екі ел арасындағы дау қарашаның 24-і күні, түріктің әуе күштері Сирияның Түркиямен шекаралас ауданында ресейлік Су-24 жойғыш ұшағын атып түсірген соң басталды. Жауап ретінде Мәскеу Түкрияға қарсы санкциялар енгізді.
Түрік үкіметіндегі белгісіз дереккөздер ақпарат агенттіктеріне «Росатомның» Аккую қаласының төңірегінде АЭС құрылысын салу келісімшартынан бас тартпағанын және шартты бұзған жағдайда төлеуге мәжбүр болатын өтемақының қатаң шарттарына байланысты, ондай қадамға баруы екіталай екенін хабарлады. Түркия билігінің өкілдері сонымен бірге, ел құны 20 млрд доллар болатын жобаны орындауға басқа да үміткерлерді қарастырып жатқанын мәлімдеді.
"Аккую" компаниясы директорының орынбасары Олег Титов «жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатқанын» айтып, құрылыстың тоқтап қалғаны туралы ақпарды жоққа шығарды. 2013 жылы «Росатом» қуаттылығы 1200 мегаватт болатын 4 реакторға тапсырыс алған болатын. Жұмыстар сәуір айында басталды. Компания алғашқы реакторды 2019 жылға қарай орнатуға уәде берген.
Абай-ақпарат