Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3876 0 пікір 9 Желтоқсан, 2015 сағат 17:11

АСТАНА ӘКІМІ ТҚЖБ САЛЫМШЫЛАРЫНА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Жақында Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшалары болған астаналық 72 жас отбасына  қала әкімі Әділбек Жақсыбеков мырза пәтерлер кілтін табыстады. Бұл туралы abai.kz порталы хабарлайды.

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мырза 2020 жылға дейін өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама бойынша жас отбасыларға жаңа пәтер кілттерін табыстады. Аталмыш  іс-шараға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрағасының орынбасары Епрбол Қарашүкеев мырза да қатысқан.

- Бүгін, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  астаналық 72 жас отбасы жаңа пәтерлеріне кірді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жас отбасыларына қолдау көрсету мақсатында арнайы тапсырмасы бойынша қолға алынған арнайы бағдарламаның нәтижесі. Бүгін мен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, жылылық пен бақыт тілеймін,-деді Ә.Жақсыбеков мырза.

Пәтер кілтін тапсыру барысында ҚТҚЖБ басқарма төрағасының орынбасары Е.Қарашүкеев мырза да, баспаналы болған жас отбасыларын құттықтай келе, мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы Қазақстан бойынша 450 мың кв.метро баспанаға бөлінгенін атап өтті. Бұл дегеніңіз 7 мыңнан астам пәтер деген сөз. Ал Астана қаласында аталмыш бағдарлама бойынша , қазіргі таңда 672 пәтерді құрайтын 8 тұрғын үй салынған.

- Бағдарлама өте тиімді. Әсіресе жас отбасылар үшін бұл айтырлықтай жеңілдік болып табылады.  8 жылдың ішінде пәтер бағасының 50 пайызын жинап үлгерсе болғаны. Ал пәтердің қалған ақшасын біздің банкке 4 пайыздық жеңілдікпен, несие ретінде төлеп отырады. Осылайша біздің салымшылар, пәтердің ақысын бөліп төлей алады. Ал пәтердің шаршы метрі 120 мың теңгені құрайды.

Бүгін мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болған жас отбасы Жанболат Әсетов пен Гүлнара Саржанова отбасын құрғаннан кейін 6 жылдай жалдамалы пәтерде тұрған. Ал 2 жыл бұрын ҚТҚЖБ салымшылары қатарына қосылып, бүгін Астана қаласынан 2 бөлмелі пәтерге ие болған.


- Бірінші кезекте Елбасымызға үлкен рахмет айтамыз.Осындай жастарға қолдау болатын арнайы бағдарлама жасағаны халықтың қамын ойлағаны.Жас отбасыларға дееуші болған жергілікті әкімшілік пен банк өкілдеріне де алғысымыз шексіз.

Соңғы жылдары 4,5 мыңнан астам астаналық тұрғындар аталмыш бағдарлама аясында жаңа пәтерлерге кірген. «Жас отбасыларға баспана» бағдарламасымен 2014 жылы 672 пәтер қарастырылған. Соның ішінде 211 отбасы жаңа пәтерлерде қоныс тойын тойлап үлгенді. Ал Тілендиев көшесінде қолданысқа берілгелі тұрған тұрғын үйге бүгін 72 отбасы қоныстанған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506