Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3973 0 пікір 9 Желтоқсан, 2015 сағат 12:41

ИНТЕРНЕТТЕГІ ВИДЕОДАН СОҢ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Батыс Қазақстан облыстық тәртіптік кеңес төрағасы әрі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті төрағасының орынбасары Нұрлан Сүйінбаев «өз еркімен» жұмыстан кетті.

Бұл туралы Оралда, брифингте мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Мирболат Нұртазин мәлімдеді. Сүйінбаевтың қызметінен кетуіне өзін жағымсыз жағынан көрсеткен Интернеттегі видео себепкер болды.

Мирболат Нұртазиннің айтуынша, қазанның 7-де Атырауда қызмет көлігін жұмыстан тыс уақытта пайдаланып жүрген шенеуніктерді анықтау рейді барысында жол полицейлеріне Нұрлан Сүйінбаев жүргізуші құжатының орнына тәртіптік комиссияның төрағасы қызметтік куәлігін көрсеткен. Бұл сәтті журналистер видеоға түсіріп алып, интернетке салған.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің баспасөз қызметі Нұрлан Сүйінбаев рейд кезінде қызмет көлігі емес, жеке көлігінде отырған деп мәлімдеген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137