Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5216 0 пікір 8 Желтоқсан, 2015 сағат 13:32

ТҮРКІМЕНСТАН ЕШҚАНДАЙ ӘСКЕРИ ОДАҚҚА МҮШЕ БОЛМАЙДЫ

Ашхабадта Түркіменстанның бейтараптық мәртебесін алғанына 20 жыл толуына байланысты ақсақалдар кеңесі өтті.

Кеңестің төрағасы ел президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов сөйлеген сөзінде Түркіменстан ешбір әскери одақтарға қатыспайтынын мәлімдеді.

«Түркіменстан қатал міндеттемесі бар немесе қатысушыларға ұжымдық жауапкершілік жүктейтін халықаралық бірлестіктерге мүше болмайды. Түркіменстан өзінің аумағында шетел мемлекеттерінің әскери базасын орналастырмайды. Түркіменстан өзге елдерге экономикалық қысым көрсетпейді және жарияланған экономикалық оқшаулауға қатыспайды», - деді түркімен президенті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының «Түркіменстанның тұрақты бейтараптылығы» жөніндегі резолюциясы 1995 жылы желтоқсанның 12-де қабылданды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1382
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2963
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1028
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 966