Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қырдағы әңгіме 7493 0 пікір 11 Мамыр, 2016 сағат 12:46

ЕРЛАН САҒАДИЕВ ОФШОРДА АҚША ЖАСЫРҒАН. ТІЗІМДЕ ТАҒЫ КІМДЕР БАР?

Жақында Панама офшорларының толық тізімі жарияланған. Онда Қазақстанның қазіргі Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің де есімі бар болып шықты. Алайда БАҚ-қа берген сұхбатында министр мырза ендігі әрі шетелдік активтердің иесі емес екендігін айтып ақталған екен.


Халықаралық журналистік зерттеу консорциумы (ICIJ)  Панама аралдарындағы  Mossack Fonseca фирмасындағы жасырын активтердің иелерінің тізімі күн санап толығып келеді.

Аталған ұйымның жаңартылған тізімінде Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан  Сағадиевтің де есімі жүр. Онда көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, Ерлан Кенжеғалиұлы Mossack Fonseca-тегі алғашқы есебін (салымын) 2009 жылы аштырыпты.

Ал министр мырзаның өзінің айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлікпен айналысып келгендіктен, Панама офшорларының тізімінде оның есімі болуы сенсация тудырарлық жаңалық емес.

«Мен, 25 жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысып, әлемнің 10-нан астам мемлекетінде кәсіп ашып, оны дамытумен айналыстым. Көптеген халықаралық консерциумдарда акцияларым болды. Ал қазір міне, шетелде не ақшам, не активтерім, не компаниям жоқ. Ал бұрынғы компанияларым мен акияларым үшін менің аты-жөнім әлі талай тізімдерде шығып жатса, онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл қалыпты жағдай», - депті министрі Today.kz порталына берген сұхбатында.  

Ерлан Сағадиев үстіміздегі жылдың ақпан айында Білім және ғылым министрі орынтағына жайғасқан еді. Осыған дейін Ол ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып қызмет істеген.

90-шы жылдары Ерлан Сағадиев Developed Technology Resource (Миннеаполис,  Миннесота штаты) компаниясының маркетингтік технологиялар жобасы бойынша жетекшісі болған. 2003 жылы АҚШ-тың Делавер штатында тіркелген  қазақстандық  "Фудмастер"  компаниясының 30 пайыздан астам акциясын франциялық Lactalis сүт өнімдерін дайындайтын корпорациясына сатып жіберген. Бейресми деректер бойынша сатылым құны – 50 миллион долларды құраған.

Айта кетейік, аталған Панама офшорында 250 адамның есімі жарияланған болатын. Олардың ішінде бірқатар қазақстандық компаниялар мен белгілі азаматтар бар екен.

Сонымен Панама офшорларындағы қазақстандықтар кімдер?

Ерлан САҒАДИЕВ (ҚР Білім және ғылым министрі);

Нұрәлі ӘЛИЕВ, (кәсіпкер);

Төлеген БАЛҒЫМБАЕВ (ҚР экс-премьер-министрінің ұлы);

Бақыт НИЯЗОВ (Real Invest Group холдингінің негізін қалаушы);

Талғат ҚУАНЫШЕВ ( «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы);

Ерлан ҚОСАЕВ (Мұхтар Әбләзовтің сыбайласы ретінде Ресейден Қазақстанға қайтарылған);

Шыңғыс ДОСМҰХАМБЕТОВ (бұрыңғы ҚР Туризим және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтың ұлы);

Нұрлан ҚАППАРОВ (Марқұм, бұрыңғы «Казатомпром» ұлттық компаниясының басшысы болған);

Берік ҚАНИЕВ (Нұрлан Қаппаров пен  Ерболат Досаевпен бірге «Lancaster Group» АҚ құрған,  директорлар кеңесінің төрағасы болған);

Айгул НҰРИЕВА ( «Казақтелеком» АҚ-ның 24,96 % акциясының иесі);

Сонымен қатар, зерттеу жұмысының барысында офшорлық империя құрған әлемнің 120 саясаткерінің де ісімдері елге мәлім болды. Сауд Арабиясы корольінің, Әзірбайжан Президентінің балаларының, Пәкістан премьер-министрінің және Ресей Президенті Владимир Путиннің офшорда жасырып қалған ақшалары әшкереленген.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048