Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 9415 0 пікір 25 Сәуір, 2016 сағат 21:28

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ӨСУІНДЕ ЭКСПО-2017-НІҢ ҮЛЕСІ БАР

Қазақстанның еңбек нарығы қайта жандануда. Мәліметтерге сүйенсек, аталған сектордың қарқын алуына себеп болған негізгі қозғалтқыш күш Астанадағы құрылыс секторы мен Алматының сауда нарығы болып табылады. Бұл туралы «ranking.kz» сайты хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың қорытындысы бойынша, еңбек нарығының динамикасы төмендегідей болған.

Қалалықтар ішінде жалдамалы жұмысшылар нарығындағы көрсеткіштер 2015 жылы күрт өсіп, еліміздің қалаларындағы жалдамалы жұмысшылар саны 155 мыңнан асып жығылған. Бұл - 2011 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке есеп.

Соның ішінде мұндай қызметкерлер нарығының (жалдамалы жұмысшылардың) қозғалтқыш күші Астана мен Алматы қалаларында тіркелген. Ресми статистикаға сүйенсек, Астана мен Алматы қалаларындағы қызметкерлер нарығының  көрсеткіші 113 мың адамға артып отыр. Бұл жалпы еліміздегі еңбек нарығының  73%-ын құрайды.  

Статистикалық деректерге үңілсек, Алматыдағы еңбек нарығының негізгі динамикасы – сауда секторына тиесілі болған. Қала экономикасының өсуі мен жұмыспен қамтылған азаматтар көрсеткішінің 50 пайызы аталған сектордың еншісіне тиесілі.

Ал Елордада жалдамалы және тұрақты еңбек нарығының динамикалық қозғалтқышы – құрылыс секторы болып табылады. Бұл Астана қаласындағы жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша, еңбеккерлер өсімінің 20 пайызын құрайды екен.

Айта кетейік, Астана қаласындағы құрылыс нысандарының көбейіп, жалдамалы жұмыскерлер санының өсуіне – Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің себі тиіп жатқаны жасырын емес. ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыру мақсатында түрлі көрме кешендерінің құрылысы Елдордадағы аталған сектордың жұмысын ілгерілетуге үлес қосып, 2011 жылмен салыстырғандағы  аталған саладағы ең жоғарғы көрсеткіш тіркеліп отыр.

Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 Елордадағы жалпы құрылыс секторының 30 пайыздан астамын және 8,8 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ету нысанына айналып отыр.

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 құрылыс секторынан тыс тағы 8 мыңнан астам қызметкерді жұмыспен қамтуда. Соның ішінде, өндіріс саласы, құрылыс материалдарын жеткізу секілді бірқатар әлеуметтік жобаларды қосымша жүргізуде.

Мысалы, ҚР Мемлекеттік Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдар бойынша, бір ғана 2015 жылда елімізде жаңа 4,5 мыңнан астам жұмыс орындары ашылып, онда қазақстандықтар еңбек етуде.

 

Жұмыс Орындарының көлемі, мың. бірлік.

Бюджет шығыны, млрд тг.

Бюджет шығынының  тиімділік

коэффициент

ҮИИДМБ 2010-2014

150,0

2387,4

0,063

 ИИДМБ 2015-2019

4,5

327,5

0,014

ЭКСПО-2017

16,8

34,9

0,481

* Бағдарламаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінен 2015 жылдың соңына дейін
Есептер ҚР ҰЭМ СК, «Бәйтерек» Холдингі, ҚР Есеп комитенің деректеріне сүйене отырып түзілді

 

 

Ресми деректерге сүйенетін болсақ, ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылысына республика бойынша 254 отандық тауар өндіруші кәсіпорын тартылып, сомасы 33,703 миллиард теңгенің келісім шартына қол қойылған.

Соның ішінде, Астана қаласы боынша (196 кәсіпорын) – 21,6 млрд. теңге; СҚО (1 кәсіпорын) – 1,1 млрд. теңге; Қарағанды облысы бойынша (20 кәсіпорын) – 8,3 млрд. теңге; Павлодар облысы бойынша (4 кәсіпорын) – 0,7 млрд. теңге; ОҚО бойынша (2 кәсіпорын) – 0,02 млрд. теңге; ШҚО бойынша (1 кәсіпорын) – 0,1 млрд. теңге; Алматы қаласы бойынша (12 кәсіпорын) – 1,3 млрд. теңге; Ақмола облысы бойынша (12 кәсіпорын) – 0,45 млрд. теңге; Алматы облысы бойынша (3 кәсіпорын) – 0,2 млрд. теңге; Жамбыл облысы бойынша (2 кәсіпорын) – 0,1 млрд. теңге. 

 

Abai.Kz


 [Н1]

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5390