Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 5178 0 пікір 7 Сәуір, 2016 сағат 18:09

МӘЖІЛІСТЕГІ ЕРЕГЕС – ДАУ МА, ШОУ МА?

Ұйқыдағы Мәжіліс ояна бастапты. Жұмыс қызу екен. Ой жарыс, пікір тартыс, бұрын-соңды Мәжілістен естілмеген ащы сөздер дәл кеше шықты, кеше естілді. Депутаттар бір-біріне ауыр сөздер айтып, дауыс көтерді. Анау Ресей Думасы, Украина Радасы немесе қырғыздардың Парламентіндегідей жаға ұстасып, жұдырықтаспаса да, Заң қабылдау барысында  біздің депутаттар дауыласты. Үлкен талқы әм тартыс болды.  

Кеше "Коллекторлық туралы заңды" талқылау кезінде бір-бірімен сөзге келіп қалған депутаттар бүгін мәжілістің жалпы отырысында тағы кездесті. Аманжан Жамалов пен Мұхтар Тінікеев кеше тіпті қатты сөздер айтып, жиынды аяқтамай кетіп қалған болатын,-деп хабарлайды 31 арнаның жаңалықтар қызметі.

Тіпті, депутат Тінікеев мырза қызды-қыздымен ең болмаса бір рет үкімет ұсынған Заңды қабылдамай-ақ, қояйық деген пікірді де айтты.

Әдетте бас шұлғып, бір ауыздан дауыс беретін депутаттар жаңа маусымға қызу дайындалып келсе керек, Ұлттық банк төрағасының орынбасары ұсынған Заң жайына қалды.

«Мы узакониваем рэкет. Сейчас вы хотите благодоря депутатам принять этот, я считаю антинародный закон. Давайте будем иметь мужества и хоть один законопроект отклоним, который предложен правительством?»,-деді депутат Тінікеев мырза.

Түйін: Қазір дүниенің бәрі «шоуға» айналып жатқаны рас. «Теле - шоу», «Айтыс та - шоу», енді Парламенттегі «шоуды» тамашалайық...

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053