ЕСЕК ҰРЛАҒАН, ЖО-ЖОҚ, ЗОРЛАҒАН, ОЙ, ҰРЛАҒАН...
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында есек ұрлаумен айналысқан барымташылар тобы құрықталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. 5 адамнан тұратын топ мүшелерінің ересегі 1967 жылғы болса, ең кішісі 24 жаста. Барлығы да Қызылорда облысының тұрғындары. Бұл туралы «sn.kz» сайты жазады.
Күдіктілердің барлығы 10 мал ұрлығына қатысы бар екені анықталып отыр. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңге. Қылмыстық топ өз қылмысын бір сызбамен іске асырып келген. Күдіктілер түнгі уақытта жергілікті тұрғындардың ауласына кіріп, қолды болған есектерді өздерінің автокөліктеріне тиеп, оқиға орнынан бой тасалаған. Олар есектерді егістік алқаптарына апарып, сойып, терісін алып Шымкент қаласындағы түрлі сауда нүктелеріне өткізіп келген.
Қылмыстық топ полицейлерге ұсталып қалмас үшін ұрлықты әр ауданға барып жасап отырған. Соңғы рет түркістандық тұрғынның қорасындағы 5 есекті ұрлап әкетіпті. Артынша тәртіп сақшыларының қолына түскен. Қазіргі таңда олардың бәрі қамауға алынып, тергеліп жатыр.
Abai.kz