ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ «ЗӘҢГІНІҢ» ДАМБАЛЫНАН ДАУА ІЗДЕП ЖҮР МЕ?
Редакциядан: Оқырман, алдымен төмендегі: «Шетелдік азаматқа күйеуге шығатын қазақ қыздарының қатары көбейді» деген суретке назар аударыңызшы. Еліміздегі ең ықпалды деген ақпарат құралдарының бірі дәл осылай деп дүйім дүниеден «сүйінші» сұраған екен. Мақаланың түпнұсқадағы тақырыбы: «Қазақ қызы және қара нәсілді күйеу»
Шынымен солай ма өзі? Мысалы, сіз бұған сенесіз бе? Бұған қатысты қолға ұстап көрсететін қандай дерек бар? Жыл басынан бері қанша қазақтың қызы қанша шетелдіктің қолынан ұстапты? Әлде айналдырған бір-екі мысалдың өзі «қазақтың қыздары жаппай шетелдіктерге шығып жатыр» деуге жеткілікті ме?
Бұл жағына әлгі ақпарат құралы тоқталмайды. Бірақ, елдің назарын аударуға мұның өзі жеткілікті. Ақпараттың мақсатының өзі осында еді.
Біле білсек, бұл да әдіс. Дәл осы тәсілді еліміздегі құрылыс нарығын билеп-төстеп отырған алпауыттар пайдаланады екен. Айталық, тұрғын үй бағасы арзандай бастаса, мұның алдын-алу үшін әлгі алпауыттар еліміздегі ең оқылымды деген ақпарат құралдарында «Қазақстандағы тұрғын үй нарығында бәленше пайыздық өсім байқалуда» деген жаңалықты жариялайтынға ұқсайды. Әрине, тегін емес. Ақысы төленеді. Оған белгілі бір сараптамалық агенттіктің өтірік-шыны белгісіз, жүргізген зерттеуі немесе сауалнамасын қосып қояды. Демек, алушылардың, сатушылардың, қыл аяғы алыпсатарлардың ой-құлқын осыған негіздейді. Ақпараттық толқынның «ығына жығылған» баға қайтадан өсе бастайды…
Бұл арада да осы сарынды аңғаратын сияқтымыз. Жоқ, рас. Әйтпесе шетелдік азаматқа күйеуге шыққан қазақ қыздарының қатарын көбейтіп көрсету кімге керек болды? Аталған ақпаратты қазақ қыздарына қарата айтудың өзі көп нәрсені аңғартпай ма? Аңғартады, әрине.
«Адасқандар»
Анығы, мұндай ақпараттың өзі –адастыру. Бізді, сізді, жалпы жұртты. Жоқ, рас. Қытайға, түрікке, болмаса басқа бір ұлтқа алды-артына қарамай тиіп кете беретіндей қазақ қыздары ақымақ емес шығар. Алайда арасында бар…
Біз оларды «адасқандар» деп атайық.
Әйтпесе, айдаладағы Африкадан келген қара нәсілдіге көзсіз ғашық болатындай не көрінді? Жарайды, қалталы ағылшынға, болмаса тағы сол сияқты ақшалы елдерден келген азаматтарды ұнатып жатса, «ее…түсінікті» дер едік. Бірақ, қара нәсілдіге…
Сосын соңғы уақытта осы қара нәсілді сүйіктісін қолтықтап түскен суреттер әлеуметтік желіде әжептәуір көбейіп кетті. Жаппай жаулап жатқан жоқ, ілгерідегі «шетелдіктерге шығып жатқан қазақ қыздарының қатарын көбейтіп» тастаған ақпарат құралының стиліне салмайық.
Атын да, жалпы кім екенін де білмейміз, бір қарындасымыз сондай суретімен бөлісіпті (суретте).
Кемсіткеніміз емес, суреттегі сүйіктісінің жылтыраған шекесі мен ақсиған тісі және көк жейдесін ғана ажырата алдық. Есесіне, қолтығындағы қарындасымыз ерекше бақытты. Суреттің астындағы ащы пікірлерді де елемепті. Айтуынша, африкалық екені маңызды емес, «зато махаббатқа адал». Солай. Оны түсінуге тырысқандар қазақ жігіттерінен көңілі қалды деп топшылауы мүмкін. Жоқ. Анығында, «адасқандықтың» бір белгісі осы.
Дәл қазір бұл қарындастың бетін бері бұру – ауыр. Ұлт, тіл, қазақ, болашақ және содан туындайтын патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары туралы айтқан ақыл-кеңесіміз далаға кетуі мүмкін.
«Бәріміз адам емеспіз пе? Ұлтқа, нәсілге бөлінудің қажеті қанша осы? Сосын менде не шаруаңыз бар. Аулақ жүріңіз!» десе не дейсіз?
Бәрінен бұрын әке-шешесіне обал. Қазақта көрші-қолаңға күлкі болған жаман ғой…
«Қыз – жат жұрттық» дегенде, осы уақытқа дейін асырап-баққан баласы қара нәсілдінің қойнында жатады деп қай ата-анада ойлады дерсіз.
Біздіңше, «адасқандардың» алдымен «соры қайнауы» керек. Сонда ғана ақылы кіреді…
Думан БЫҚАЙ
Дереккөзі: dalanews.kz
Abai.kz