Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қоғам 6025 0 пікір 1 Сәуір, 2016 сағат 09:05

ПУТИНГЕ "ЖАҚЫН ӘЙЕЛДЕР" КІМДЕР?

Кремль Reuters агенттігінің кәсіпкер Григорий Баевскийдің Ресей президенті Владимир Путинге жақындығы бар әйелдерге үй бергені туралы мақаласын зерттеуді қажет деп таппайды.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мақаланы ақпараттық шабуылдың бір бөлігі ретінде қабылдайтынын мәлімдеді.

Катерина Тихонова

Reuters мақалада Путиннің кіші қызы Катеринв Тихонова туралы, ресейлік БАҚ дәлелді ақпарат болмаса да "Путиннің қалыңдығы" деп атайтын бұрынғы гимнаст Алина Кабаеваның екі жақын туысы және 2012 жылы Ресей президентінің туған күнінің құрметіне шығарылған күнтізбеге суретке түскен студент Алиса Харчева жайлы баяндайды.

В.Путин мен А.Кабаева 

Алина Харчева

Мәселен Путиннің қызы Баевскийдің атындағы пәтердің мекенжайына жаңа компаниясын тіркегені туралы жазылған.

​ 2013 жылы Баевский Мәскеу түбіндегі Успенское елді мекеніндегі үй мен жел телімін Алина Кабаеваның 81 жастағы әжесі Анна Зацепинаға береді, 2009 жылы бір пәтерді Алина Кабаеваның сіңлісі Ляйсан Кабаеваның атына жазып берген. Одан кейін Мәскеудегі шағын коттедж кешенінен Алиса Харчеваның атына пәтер сатып алған.

Григорий Баевский Путиннің ескі досы - кәсіпкер Аркадий Ротенбергтің көмекшісі боп жұмыс істейді. Ресми дерек бойынша, соңғы екі жылдың өзінде, Баевский тең қожайыны боп есептелетін компаниялар мемлекеттік құрылыс мердігерлігінен кемінде алты миллиард рубль (89 миллион доллар) пайда тапқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053