Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3757 0 пікір 24 Маусым, 2010 сағат 06:16

Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғалар экс-президент Бәкиев жақтастарының кезекті әрекеті болып табылады – МҰҚК төрағасының орынбасары

Бішкек. 24 маусым. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғалар экс-президент Құрманбек Бәкиев жақтастарының кезекті әрекеті болып табылады, деп есептейді мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) төрағасының бірінші орынбасары, Жалал-Абад қаласының коменданты Құбатбек Байболов.

«Оңтүстіктегі арандатулар ұлтаралық қақтығыс арқылы жасалды, бұл аталған аймақта ең әлсіз буын болып табылады»,  - деді ол бейсенбі күні бірінші ұлттық телеарнаның эфирінде.

Оның пікірінше, «Бәкиевтің жақтастары қазіргі үкіметті құлатып, билікке басқа уақытша үкіметті келтіру мақсатымен елде тұрақсыздық орната алды».

«Бәкиевтің билікке қайта келу сценариі де жүзеге асуы мүмкін еді. Жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттерінің дәрі жақсы ұйымдастырылған, жекелеген жағдайлар ғана Қырғызстанның азап шеккіш халқын жаңа апаттардан құтқарып қалды. Қазіргі уақытта республикада болып жатқан оқиғалар 17 жылдағы Петроградты еске түсіреді», - дейді Қ. Байболов.

Оның пікірінше, «елдегі басты проблемалардың бірі халықтың кедейлігінде жатыр». «Бұл - арандатушылардың қолындағы қорқынышты қару, олар тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мақсатымен адамдарды ақшаға жалдайды. Мұның бәрі уақытша үкіметтегі қарама-қайшылық, оның қызметінің заңдылығына байланысты проблемалар жағдайында болып жатыр. Уақытша биліктің тұрақсыздығы мен әлсіздігі де осыдан. Бүгінгі таңда республикада қарсыласушы жақтар күшін жоғалтып, оларға саясат алаңын босатуларына мүдделі байсалды саясаткерлердің үшінші буыны да бар», - деп атап өтті К. Байболов.

Ол арнаулы қызметтер оңтүстікте тұрақсыздандырушы күштер оқиғаларға тартқан снайперлерді қамауға алу бойынша шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

«Орталық Азияда снайперлерді жалдау қымбат емес. Бұл - Кавказ емес. Бізде бұл жалдамалыларды ұстау үшін техникалық жабдықтар бар. Ош және Жалал-Абад облыстарында қару мен ақшаның кімнің таратқаны туралы ақпарат бар. Қазір біз аталған тұлғаларға қатысты тергеу материалдарын пысықтап жатырмыз», - деп хабарлады МҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290