Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 8364 0 пікір 30 Наурыз, 2016 сағат 09:49

ӨЗГЕНІҢ АТАҒЫ МӘРТЕБЕ ӨСІРЕ МЕ?

Біраз жыл болды көрнекті ақын, қалың елге танымал Рафаэль Ниязбеков ағамыз өлеңі шықсын, мақала жазсын, сөз алсын үнемі өзін «Шешен Республикасының ең жоғары «Ұлт намысы» орденінің иегері, Шешенстан мемлекеттік және халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты» деген ұзақ-сонар атақтарын жазу мен айтуды әдетке айналдырғанын білеміз.

Ақын ағамыз егер мұны сол Шешенстанда жүргенде айтып жатса, бәлкім жарасар-ақ. Ал өз елімізде көкеміз өзге жұрттың атағын термелеп айтса, шынымен-ақ желке жалы күдірейіп,  мәртебем үстем, мерейім зор болады дей ме екен?  Әйтпесе, қалың қазаққа поэзия ақтангері  «Рафаэль Ниязбеков» деген  бір ауыз сөздің өзі-ақ жеткілікті, әдебиет пен өнер әлемінде  баяғыдан-ақ мәртебелі тұлға емес пе?

Осының салдары болуы керек, осы  әдет өзге де жампоздарымызға «жұға» бастады. Айталық, менің құрдасым, қалың алаш жұртына танымал тарлан Баянғали Әлімжанов мақалаларының соңында  «Манасшы, Қырғызстанның А.Малдыбаев атындағы  Халықаралық сыйлығының лауреаты» дегенді жазатын болып жүр. Апырай Бәке, бұл пәниде жалғандыққа, мақтангершілікке жаны қас екі адам болса, соның бірі сенсің деп есептеймін. Қайталап айтайын, егер мұны қырғыз баспасөзінде, сол елде жүргенде жазса, айтса бір жөн. Ал алашыңның алдында өзге елдің атағы қазақтікінен қаншалықты биік, беделді? Неге біз өзгенің шапанымен қазақтың алдында қыр көрсеткендей боламыз? Бүгінгі көзі ашық, көкірегі ояу қазақ жұрты  арда екі талант Баянғали Әлімжановтың кім екенін, қандай атақ-даңқы барын білмейді дегенге сенбеймін.

 Жанұзақ Аязбеков, Қостанай қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052