Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3407 0 пікір 24 Маусым, 2010 сағат 06:17

ЕҚЫҰ Қырғызстанға полицейлердің бітімгершілік контингентін кіргізуді ұсынады – ПАСЕ арнайы өкілі

Бішкек. 23 маусым. ҚазТАГ - ЕҚЫҰ Қырғызстанға полицейлердің бітімгершілік контингентін кіргізуді ұсынады, деп ҚырТАГ хабарлады.

«Қырғызстанға оперативті көмек керек, оның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ немесе Еуропалық одақ басшылығындағы полицейлердің бітімгершілік миссиясын да қарастыру керек», - деді сәрсенбі күні брифингте ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Орта Азия жөніндегі арнайы өкілі Киммо Кильюнен.

Ол «бұл ұсынысты мен Қырғызстанның өтпелі кезең президенті Роза Отунбаевамен келіссөздер кезінде айттым» деді. 

«ЕҚЫҰ бұл мәселеде республикаға айтарлықтай сараптамалық қолдау көрсете алады», - дейді арнайы өкіл.

Оның айтуынша, «бітімгершілік миссия күштерінің саны жағдайға қарай, 50 немесе 100 адам болуы мүмкін».

Арнайы өкілдің бағалауынша, «оңтүстіктегі жағдай бұрынғысынша күрделі болып қалып отыр». «Біз оңтүстік өңірде тұрақтану үдерісі жүріп жатқанын көріп отырмыз. Бірақ әлі босқындар көп және ешкім де жағдай қайтадан ушықпайды деп айта алмайды. Ош және Жалал-Абад облысында болған оқиғалар - апат», - дейді К. Кильюнен.

ПАСЕ арнайы өкілі «қарулы бітімгершіл күштерінің болуы міндетті емес, ол күштер босқындарға қатысты, сарапшылық тұрғыдан құқық қорғау органдарына көмек көрсете алады» деп есептейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290