Жұма, 22 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4795 0 пікір 29 Наурыз, 2016 сағат 08:52

ТҰТЫНУШЫ ҚАУІПСІЗДІГІ - КӘСІПКЕРДІҢ ҚОЛЫНДА

 «Жау жоқ деме – жар астында» деген қазақ нақылын ескерсек, әлемнің әр түкпірінде лаңкестік әрекеттердің бұрқ ете қалуы біздің де соған сәйкес қамдануымызды білдірсе керек. Әсіресе, қоғамдық сауда орындары – халық көп шоғырланатын жер. Осы саладағы кәсіпкерлер өз бизнесін қауіпсіз әрі тиімді жүргізуі үшін қорғаныс жүйесін нығайтуға көңіл бөлуі тиіс

Өткен жылы, яғни, 2015 жылдың 3 сәуірінде Үкімет «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулы қабылдаған болатын. Бұл қаулыға сәйкес, халық көп жиналатын нысандар міндетті түрде қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. Оларға сауда алаңдары бар сауда нысандары, ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтандыру орындары жатады.

Қаулы бойынша, лаңкестікке  қарсы қорғаныспен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айтарлықтай көп те емес.  Бар болғаны телевизиялық бақылау жүйесі мен өртке қарсы қорғаныс жүйесін орнату қажет.

 

 «Сондай-ақ, кәсіпорында нысанның терроризмге қарсы қорғанысы туралы құжат болуы тиіс. Оны міндетті түрде жергілікті ішкі істер басқармасының бастығы мақұлдауы қажет.  Құжатты бір аптаның ішінде алуға рұқсат етіледі.  Ережеге сәйкес, құжат үш жылда бір рет ауыстырылады», – дейді «Атамекен» Ұлттық Палатасы құқық бөлімінің сарапшысы Рахым Жанысов.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның қауіпсіздігі бойынша тексерістен  Алматы облысының Іле, Жамбыл, Панфилов аудандары мен Қапшағай қаласы өтті. Тексеру барысында осы нысандардың көпшілігінде бейнебақылау камералары мен нысанның терроризмге қарсы қорғанысы туралы құжаты жоқ болып шықты.  Тиісті ұйым басшылары бір айдың ішінде олқылықтың орнын толтыруға міндеттелді. Олай болмаған жағдайда, 100 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл төлеуге мәжбүрленеді.

Егер кәсіпкер тексерушілердің ескертпесіне екінші мәрте құлақ салмаса, оған 200 айлық көрсеткіш есебіндегі әкімшілік айыппұл салынады.

Көксу ауданы Балпық би ауылындағы «Ауыл» базары бекітілген талаптарды алғашқылардың бірі боп орындады. Базар әкімшісі Қажымұқан Қалиевтің пікірінше, бақылау жүйесі істе өзінің тиімділігін дәлелдеуде. «Бейнебақылаудың телевизиялық жүйесі базардың қауіпсіздігін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге, ұрлық жасау фактілері сияқты заңға қайшы әрекеттердің алдын алады. Соның арқасында базар әкімшілігі бірнеше фактілерді анықтай алды. Сөйтіп біз кәсіпкерлерді қаржылық залалдан құтқардық», – дейді базар әкімшілігінің өкілі.

Палата сарапшысы бизнес өкілдерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтады. «Негізгі міндет – кәсіпорын басшыларына профилактикалық шараларды ұйымдастыруға көмектесу және заңнаманы сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, өз кәсіпорнын қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жабдықтау бойынша шаралар қолдану.  Мемлекеттің талабын орындау халық пен бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деп сөзін жалғады сарапшы.

Облыстың қалған аудандарында нысандардың терроризмге қарсы қорғанысын тексеру жұмыстары келесі айдың басында қолға алынады.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329