Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3549 0 пікір 15 Мамыр, 2016 сағат 15:30

АМАНДЫҚ БАТТАЛОВ 120 ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Елбасының «Нұрлы Жол»бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесіжақсы қолға алынуда. Осыған дейін қаламыздағы бірнеше тұрғын үй ел игілігіне беріліп, көптеген жанның баспана мәселесі түбегейлі шешілген еді. Бұл үрдіс тағы да  жалғасын тауып, кеше қаланың оңтүстік батыс құрылыс аймағында бой көтерген бір және екі бөлмелі 120 пәтерлі қос үй өз иесін тапты,-деп хабарлайды облыстық «Жетісу» газеті.


 Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы, «Арлан – Жоба құрылыс» ЖШС-нің жобасы бойынша мердігер компания «Люмен Электро ІІ» ЖШС-нің құрыш қолды құрылысшылары тұрғызған коммуналдық санаттағы қос ғимараттың құрылыс, абаттандыру, басқа да мақсаттағы жұмыстарына жергілікті бюджеттен қомақты қаржы игеріліпті.  Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысып, азаматтарына пәтер кілтін табыстады.

 

Алдымен қуаныш иеле­рін жаңа қоныстарымен құттық­таған өңір басшысы Елбасы­ның қолдауымен облысы­мызда құрылыс са­ла­сының қарқыны артып, қала ажары айшықтала түс­кенін сөз етті. Ірі жоба­лардың қолға алы­нып, сәу­леті жарасқан еңселі ғима­рат­тар­дың арт-артынан бой көтер­генін де назардан тыс қалдыр­мады. Алдағы уақытта ел игілі­гіне бері­летін өндірістік, әлеу­мет­тік, мәде­ни-рухани нысан­дарды ай­тып өтті. 

– Елбасының тапсырма­сымен өңірімізде ірі-ірі жо­ба­лар атқарылуда. Бүгінге дей­ін бірнеше үйді қала­дағы баспа­наға мұқтаж жандарға табыс­тадық. Оған өздеріңіз куә бол­дыңыздар. Міне, сол игілік бүгінде жалғасын тау­ып отыр. Алдағы жоспарла­рымызда ау­қым­ды. Келе­шекте осы оң­түстік батыс тұрғын үй айма­ғынан бала­бақша, мектеп, театр ғима­раты, Салтанат са­ра­йы, Көр­ме залы, тағы да басқа ны­сан­дар салынады. Абат­тан­дыру жұмысы да қала­ның басқа шағын аудан­дары­нан өзгеше болады. Демек, бұл жерге салы­натын жаңа ғима­раттар қаланың көркін арт­тырып, жерлесте­ріміздің қуа­ны­шын еселей түседі, – дей келе үй иелеріне пәтер кілтін табыс етті.

Бұл жолы мүмкіндігі шек­­­­теулі жандар, толық емес от­басы мүшелері, Ау­ған со­ғы­сының арда­гер­лері, мем­лекет­тік қызметте, әлеу­­мет­тік сала­да, үкі­мет­тік емес ұйымда, бюджеттік меке­меде жұмыс істей­тін­дер бас­па­налы болды. Осы­дан-ақ  Елбасының «Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасының ша­ра­паты барлық санаттағы адам­дар­ға тиіп, олардың әлеуметтік әлеуетін арт­тырып, баспа­наға деген мұқтаждығын ше­шу­ге сер­пін бергенін аңғар­дық. Әсі­ресе, үйлі болған­дардың Елба­сына, облыс және қала басшы­ларына ри­за­шылығы мол. Олар бірінен соң бірі мінберге көте­ріліп, жүрек­жарды лебізін біл­дірді.

Пәтер кілтін табыстаған соң облыс әкімі Амандық Баталов көппен бірге пәтер­лерді аралап, құрылыс жұмы­сының сапасын көріп, үй иелерін құттықтады. Сол қатарда толық емес отбасы мүшесі, екі бөлмелі пәтердің иесі атанған Күлан Жинақова мен бір бөлмелі пәтерге қолы жетіп, қуанышын көппен бө­лі­суге асыққан  Қазақ-Бри­тан техни­калық универ­сите­тінің студенті, жетім бала Дария Әбді­рахманова және жастайынан ар­ба­ға таңыл­ған, І топтағы мүгедек Эл­ми­ра Смағұлованың отбасына бас сұқ­қан өңір басшысы олар­дың дас­тар­қанынан дәм татты.

Көппен бірге көпшіліктің қуа­нышты көңіл күйін көре жүріп, Елбасының тапсыр­масын бұл­жыт­пай атқарып келе жатқан облыс әкімі Аман­дық Баталов пен қала әкімдігіне деген жұрт ықы­ласының ерекше екенін бай­қа­дық. Расында, осындай қиын күндерде жоқтан бар жасап, қар­жы көзін тауып, бір жылда бір­неше үйді тұр­ғын­дардың игілігіне тапсы­рып, өңірдің баспана жетіс­пеушілігін шешуге серпін бер­ген облыс басшысына алғыс­тан бас­қа айтарымыз жоқ.

Қажет АНДАС

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470