Қазақстан «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік ЖОО-ларда оқитын мамандықтар тізімін қысқартты
Астана. 28 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік ЖОО-ларда оқитын мамандықтар тізімін қысқартты. Осындай шешім дүйсенбі күні Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезектен тыс мәжілісінде қабылданды.
«Назарбаев Университетінде» болатын мамандықтардың кең ауқымын ескере отырып және қаржыны еліміздің оқу жүйесіне жолдау мақсатында, бүгін біз «Болашақ» президенттік бағдарламасында қазіргі уақытта белгіленген ұқсас мамандықтарды қысқарту жөніндегі мәселені қарауға тиіспіз. Енді аталған мамандықтар бойынша үміткерлер «Назарбаев Университетіне» оқуға жіберіледі», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі, деп жазады баспасөз қызметі Ақ орданың ресми сайтында.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2010 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясының Басым мамандықтар тізбесіне тиісті өзгертулер енгізілді, деп көрсетеді баспасөз қызметі.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, енді бұдан былай инженерлік, техникалық және медициналық кадрларды шетелде «Болашақ» бағдарламасымен оқытпай Nazarbaev University-де дайындайтын болады.

Оның айтуынша, мұнда әлемнің үздік профессорлары сабақ беруіне жағдай жасалады, аталған университет дипломдары шетелдерде де мойындалады.
2010 жылы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен осы университетте оқуға 500 грант бөлінді.
Nazarbaev University Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Мұнда инженерлік медициналық, жаратылыс тану мен гуманитарлық факультеттер (бакалавриат) ашу, мемлекеттік саясат пен бизнес (магистратура мен PhD) факултеттерін ашу жоспарлануда. Оқу орталығында тіршілік туралы ғылым орталығы, балама энергетика, халықаралық аспаптық орталық жұмыс істейтін болады.