Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5886 0 пікір 9 Наурыз, 2016 сағат 11:22

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ЭКСГИБИЦИОНИСТ ПЕ?

Сұрақты осылай төтесінен қоюға тура кеп тұр. Мойындау керек, қаракөздеріміз де етектің шүберегін үнемдеуден бәсекеге аса қабілеттілігімен көзге түсіп жүр. Міне, көктем басталды, енді олар кезекті рет жаппай пысынай бастайды. Неге? Себебін ешкім, тіпті, сол тершең арулардың өздері де түсіндіріп бере алмайтын шығар.
Оның үстіне америкалық сексологтардың мына тұжырымы есті шығарады: “Нәзік жыныстылардың көп бөлігі белгілі бір деңгейде – эксгибиционист!” Келіскің келмейді. Қазақтың қыздары, яғни, менің қарындастарым, тәндерін өзгелердің тамашалағанынан ләззат алады деген ой ұлттық сезімге әжептеуір салмақ өйткені. Өйтпейін десең, солардың ойланбастан, замананың сасық желін самалдай көріп, сырттан таңылғанға топас ілесіп кетуі ішті ашытып бара жатыр. Әр нәрсенің апогейі болады. Етектің жоғары, жағаның төмен жылжуы қай шамаға дейін жалғасары белгісіз боп тұр қазір.
Күндердің күні әйтеуір бір тұсқа кеп тоқтай ма, әлде адамзат баласын, оның ішінде қазақтың қыздарын лыпасыз қалдырып, Уәлибек айтпақшы, жіпке айналып барып, үзіліп түсе ме? Онсыз да, қазір ұшы көрінбеген үш-ақ нүкте қалды. 
Эксгибиционизмге қайта келейік. Сонымен, ыстығы тасығанын сылтау етіп, санасы сан ашуға жетіп жүрген қыз-қырқын әлгі Қазұуқалашықтағы маньякпен сырқаттас боп шықты ма? Олай болса, аянышты. Оларды емдеп алу бұ дүния тіршілігінде қолымыздан келмейтін шығар. Өйткені, тым көп. Әрі бұл сырқат жұқпалы ма деймін. Вирусы қалалық жерде көп секілді. Ыстық және қараңғы жағдайларда тегі қозатын сияқты.
Мүмкін, олардікі жалған эксгибиционизм болар. Яғни, ол да құлын мүшесін көрсетуге деген құлшыныстың бір түрі, бірақ саналы түрде. Бұл аурудан гөрі бұзақылық әрекетке (хулиганство) көбірек сәйкес келеді. Ондай жағдайда, біздегі “киінген жалаңаштардың” Ресейдегі мемлекеттік мұражайларда жаппай жыныстық қатынас сеансын өткізген (секске қойылған қоғамдық шектеулерге қарсылық ретінде) “Война” тобынан; жұлдыз екені, жезөкше екені белгісіз Алеся Молибу немесе Перис Хилтон сияқтылардан не айырмасы қалады?

Мұрат Есжанның жазбасынан
Namys.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395