Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3370 0 пікір 29 Маусым, 2010 сағат 05:34

Саудабаев Отунбаевамен телефонмен болған сұхбатында Қырғызстандағы референдумға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ алдын ала берген бағасына қолдау білдірді

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ - ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қырғызстандағы жексенбі күні өткен референдумға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ алдын ала берген бағасына қолдау білдірді, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Бұл туралы Қ. Саудабаев дүйсенбі күні Р. Отунбаевамен телефон арқылы болған сұхбатында мәлім етті.

«Қ. Саудабаев Қырғызстандағы референдумның табысты өткеніне қолдау білідіріп, ол саяси тұрақтылыққа, конституциялық тәртіпке және іс басындағы биліктің заңдылығына деген батыл қадамның символы болғанын атап көрсетті. Ол сондай-ақ өткен референдумға ЕҚЫҰ  демократиялық институттары мен адам құқықтары жөніндегі бюросының берген бағасымен келісетінін атап өтті», - делінген таратылған ақпараттық баянда. 

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Р. Отунбаева Қазақстанға және президент Н. Назарбаевқа Қырғызстанға дағдарыстың алғашқы күндерінен бастап екі жақты түрде де және ЕҚЫҰ төрағасы ретінде де көрсетіп отырған жүйелі қолдауына алғыс білдірді.

Бұрын хабарланғандай, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушыларының миссиясы 27-ші маусымда Қырғызстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өткен референдумның қорытындысын халықаралық нормаларға сай келеді деп таныды.

«Миссия референдумға ЕҚЫҰ алдындағы міндеті және басқа да халықаралық нормалар, сондай-ақ Қырзғызстан заңнамасы тұрғысынан баға берді», - деп ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының бастығы Борис Фрлец дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

Оның айтуынша, күрделі жағдайға қарамай 27-ші маусымда бейбіт референдум өткізуге жағдай жасаған билік мақтауға лайықты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3223
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279