Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6447 0 пікір 2 Наурыз, 2016 сағат 09:41

НАЗАРБАЕВ ҮШ ТІЛДІ БІЛУГЕ ШАҚЫРДЫ

Алғыс айту күніне орай сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік мәселесін қайта қозғады.

Назарбаев «үлкен көршінің» тілін білу туралы: «Бәріміз сөйлеп үйренген және бір-бірімізді түсінетін орыс тілін білуіміз керек», — деп мәлімдеді. Ағылшын тілін Назарбаев «ғылым мен инновация» тілі ретінде атады.

«Үш тілді білу біреудің орынсыз тілегі емес, өмірдің өзі соған итермелеп отыр. Бәріміз тұрып жатқан халықтың тілін, мемлекеттік тілді білуіміз керек. Сондықтан біз балаларды мектеп партасынан осы тілге үйретеміз, солардан осы тілдерді білуді талап етеміз.», — деді Назарбаев.

17 ақпан күні Алматыда Назарбаев "бәрін қазақ тілінде сөйлетуге" тырысқан шенеуніктерді сынға алған еді. Кейінірек президент әкімшілігі Назарбаевтың шенеуніктерге қай тілде сұрақ қойылса сол тілде жауап беру керектігі туралы айтқысы келгенін түсіндірді.

Конституция бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Елдің басты заңында мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірге ресми түрде орыс тілі де қолданылатыны туралы жазылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 988
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2532
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 692
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663