Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4149 0 пікір 1 Наурыз, 2016 сағат 10:51

НАТО РЕСЕЙДІҢ СИРИЯДА ӘСКЕРІН КҮШЕЙТІП ЖАТҚАНЫНА АЛАҢДАЙДЫ

Дүйсенбі күні Кувейтте сөйлеген сөзінде НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей Жероорта теңізінің шығыс бөлігінде құрлықтағы әскерін күшейтіп, Сирияның кейбір аудандарында әуе шабуылын жалғастырып жатыр деді.

Сирия оппозициясы болса, 27 ақпанда бітімгерлік шарты басталмай жатып, сәтсіздікке ұшырады деп есептейді. Жоғарғы келіссөз комитетінің өкілі Асаад аз-Зуби "Әл-Арабия әл-Хадат" телеарнасына берген сұхбатында Дамаскіде оппозицияға қарсы әскери шабуылдардың тоқтамай тұрғанын айтты.

Франция болса БҰҰ аясында Сирияға қолдай білдіретін халықаралық топ жаңа кездесу өткізіп, бітімгерлік талаптарының бұзылып жатқанын талқылау қажеттігін талап етеді.

Ресей өз кезегінде қиын болса да, бітім шарттары орындалып жатыр деп есептейді. Бұл жөнінде РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол сонымен бірге шетелдік әріптестеріне Ресейді Сирияға оқ атуды тоқтатпай тұр деп айыптағанда абай болуға шақырды.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270