Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5949 0 пікір 25 Шілде, 2016 сағат 16:05

ЖҮЗІМ АЛҚАБЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС

Жақында Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық және жергілікті журналистер Қазығұрт ауданының «Аманкелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты жүзім алқабымен және бау шаруашылығымен танысып қайтқан-тын. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

150 гектар алқапқа өсірілген жүзім жайқалып, оның сабақтарына біткен салалы өнім бірден көзге түседі. Жүзім терім науқаны да енді басталған екен.

Жүзімнің 7-8 сорты бар. Қазіргі таңда Италиядан әкелініп, егілген жүзімнің «Кардинал» сортын теруде. Жүзімнің басқа да «Красное», «Белое», «Крымский шоколад» деген сортымен қоса жергілікті жерге бейім «Тайпа», «Киш-миш черный», «Дамский пальчик» сорттары да өсірілуде.

Өсірілген жүзімді алдын-ала түзілген келісім шарт бойынша Ресейдің Москва, Хабаровск, Иркутск қалаларындағы супермаркеттерге және еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе қаласының тұрғындарына экологиялық табиғи таза, әрі балғын жемістерді жөнелтуде.  

«Амангелді» ЖШС-нің өнімдерін сақтауға арналған жеке қоймасы бар. Сыйымдылығы 2 мың тонна болатын сақтау орнындағы 10 камера толықтай толған уақытта ондағы өнімдер отандық нарықтан бөлек, шетелдік нарыққа шығарылады. Бүгінде 1 мың гектар егістікке бидай, мақсары, жеміс-жидек пен жүзім өсіріп отыр.  

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2466
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 664
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639