Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 5628 0 пікір 22 Шілде, 2016 сағат 13:02

ПРОКУРОРЛАРҒА КІТАП ОҚУ МІНДЕТТЕЛДІ

Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов жақында мемлекеттік орган қызметкерлерінің көбісінің біліксіз екендігін айтыпты.

Еліміздің Бас прокуроры Астанада өткен бақылаушы ведомство қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында әріптестеріне кітап оқуға кеңес берген,-деп жазады Today.kz

Асанов мырзаның айтуынша, меморгандардағы мәселенің ең үлкені – шаласауатты кадр. Сондықтан, прокурорларға міндетті оқытылатын кітаптардың тізімі де бекітілмек екен.

«Кітап оқыңыздар. Мысалы, «Адамдардың жеті пайдалы дағдысы» атты кітапты оқыңыздар. Кітап оқысаңыздар өздеріңіз көресіздер, өзгересіздер. Басқаша бажайлайтын боласыздар. Мен сенімдімін. Немесе Гандапастың көптеген кітаптары бар, соларды оқыңыздар. «Ораторға арналған 101 кеңес» деген кітап бар. Біз сонда ғана прокураорлардың біліктілік деңгейін арттырамыз және бәріміз бір тілде сөйлесуіміз керек. Облыстардағы прокурорлар менің тілімді түсінбей, мен олардың тілдерін түсінбей жүрмейік. Сондықтан, ҚР Бас прокуротурасына қарасты құқық қорғау органдары академиясына әдебиеттердің тізімін жасап, прокуротура сайтына орналастыруды тапсырамын»,-дейді Асанов.

Айтпақшы, ендігәрі прокураорлар 4 кезеңнен тұратын тест тапсыру арқылы ғана лауазымды қызметтерге орналасатын болады. Әуелі үміткерлер екі бірдей шығармашылық емтихан тапсырады. Бірінші өмірлік тәжірбиесі туралы шығарма жазса, екінші берілген тақырыпқа эссе жазу керек. Содан кейін барып, жасырын тапсырмалар орындайды. Ал үм ткерлердің соңғы емтиханында психологиялық тест тапсыратын болады. Осылайша елімізде прокурорларды білім деңгейіне қарап таңдайтын болады екен.

«Елімізде білімсіз, біліксіз кадр мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Бұл барлық мемлекеттік мекемелердің ортақ проблемасы. Соның ішінде біздің прокуротурада да осындай мамандар бар. Елбасымыз осындан 8 жыл бұрын кадр кемшілігін шешуді тапсырған еді. Себебі, жұмысқа аларда адамның кәсіби тәжірбиесіне қарап емес, туыстық қатынастарына қарап қабылдау деген біздің елде өршіп тұр. Кім болса соны алып жатады»,-дейді Жақып Асанов.

«Адам кітап оқуды қойса, ойлауды қояды» деген мағыналы сөз бар еді. Рас-ау, мұны біздің Бас  прокуротура енді түсіне бастаса керек. Құқық қорғаушылар енді еркінен тыс болса да, кітап оқитын болады. Бүгін Асанов мырза солай деп міндеттеп берді. Алдағы уақытта Бас прокуротура сайтында оқуға міндетті кітаптардың тізімі жарияланады.

Хош! Ал қазіргі таңда Мемлекеттік тілде мүкістеніп сөйлейтін Мемлекеттік органдардағы шаласауатты шенеуніктер мен мемқызметкерлердің неше пайызы кітап оқыған? Ол туралы нақты деректер айтылмаса да, ресми статистикаға сүйенсек, 17 миллионнан астатын халықтың 17 пайызы ғана кітап оқиды екен. Бұлстатистика басқасын қойғанда орта мектептер мен ЖОО-да оқитын студенттер мен оқушылардың үлесінен аспайтыны түсінікті.  Ендігісін өзіңіз ойлайп көріңіз!..

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5594