Жексенбі, 24 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4765 0 пікір 22 Шілде, 2016 сағат 09:28

БАЙҚОҢЫР КАНАВЕРАЛ СЕКІЛДІ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

Канаверал мүйісі жылына 3 млн. адам қабылдағанда неге  Байқоңыр ондай әлеуетке жете алмай отыр?

Өйткені, Канаверал жайлы арнайы сайттарда туристерге мәлімет беретін ақпараттар жетерлік. Ал, «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайлы ақпараттар – жоқ. Booking.com сайтындағы бірден бір нәтижелі іс, ол – Алматы метросындағы станцияның біріне «Байқоңыр» атының берілуі. Бұл жайында «Время» газеті хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Қызылорда облысының басшылығы алты кешенді нысанды салуға бел шеше кіріспекші. Олар: Қармақшы ауданында Қорқыт ата мемориалды кешені, «Байқоңыр» ғарыштық-зымыран кешені, Қызылорданың өзінде Сығанақ қаласы кешені, Көкарал су бөгеті және Қамбаш көліндегі шипажай кешендері.

Сондықтан да, EXPO-2017 көрмесінде Байқоңыр туристерді өзіне тартатын магниттік күшке ие орталыққа айналуы мүмкін.   Бұл – аңызға толы мекен. Мұнда ең алғаш ғарышты игерудің іргетасы қаланды, осы жерде әлемде алғаш болып, жасанды жерсерік ғарышқа ұшырылды, тұңғыш ғарышқа ұшқан адам Ю.Гагарин де ең алғаш осы Байқоңырдан көкке самғады.

«Біз Эмират, Түркия емеспіз», – дейді Қызылорда облыстық туристік ассоциациясының басшысы Ж.Мүбәрәк. – Десе де, турпакеттерді жасауға болады».  

Мәселен, АҚШ ғарыш айлағынан, ғарыштан емес, жердің өзінде тұрып-ақ ақша табудың жолын жақсы үйреніп алған.  АҚШ-та Канаверал ғарыш айлағынан ұшатын зымырандары ұшқан сәтті көретін арнайы орын бар. Осы ғарыш орталығын көруге ай сайын 3 млн. адам келеді. Кіру бағасы 38 доллар. Егер де 59 доллар төлесеңіз, автобуспен ғарыш айлағының ортасына барып қана қоймай, ғарыш кемесінің бортына кіру мүмкіндігін аласыз.  Бұған тағы жиырма доллар қоссаңыз, шынайы ғарышкермен түскі тамақ ішесіз. Ең төменгі бағамен есептегеннің өзінде бұл ғарыш айлағы жылына 114 млн. доллар табыс табады.

Салыстыру үшін ғана айтайық. Қызылорда облысының бір жылдық бюджеті 543 млн. долларды құрайды. Егер де аймақ басшыларының ынтасы болса, Байқоңыр ғарыш айлағымен-ақ, облыстық бюджеттің бестен бір бөлігін қамтамассыз етіп алар еді. Бірақ, Қызылорда басшылары мұның орнына қолөнершілердің фестивальін өткізіп, үш тілде альбом шығаруды жөн санап отыр. 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5604