Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 3017 0 пікір 19 Шілде, 2016 сағат 11:22

ҰЛЫ ДАЛА АЗАМАТТАРЫ АВТОШЕРУІ - ТАЛДЫҚОРҒАНДА

Ұлттық дүниетаным, рух, мәдениет пен әде­бие­ті­мізді ұрпаққа мұ­ра етіп қалдыру қай за­ман бол­масын аға буын өкілдеріне жүктелетін міндет. Жау­гершілік ке­зеңдер мен Ұлы Отан соғысында жа­саған ата-бабамыздың ерлік­тері ешқашан ел есі­нен кетпек емес, - деп жазады Алматы облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі.

Осындай мақсат, міндетті бас­шы­­лыққа алған «Генералдар кеңе­сі» республикалық қоғамдық бір­лестігі Қазақстан халқы Ассам­блея­сы және «Нұр Отан» партия­сы­мен бірлесе оты­рып автошеру ұйым­дастырды. Қазақ­станның бірнеше қаласын аралап 7 мыңнан астам шақырымды ба­ғынды­р­ған ардагерлер Алматы облы­сының орталығы – Талдықор­ған қа­ла­­сы­на да ат басын тіреп, ақ ба­та­ла­рын арнады. «Ұлы Дала аза­мат­тары» атты автошеру Тәуелсіз­дігіміздің 25 жыл­дығы мен Қазақ­стан­дағы әскери құрамалардың құ­рыл­ғанына 75 жыл толуына орай жас­тардың санасына патриот­тық сезім орнатып, ұлттық рухты асқақ­тату үшін арнайы ел аралап келеді. Мақсаты – берекесі мен бірлігі жа­расқан жұртты бір мүддеге сай «Мәң­гілік Ел» идеясы аясында аян­бай еңбек етуге, Ұлы Отан соғы­сына қаты­сып ерлікпен күрескен ата-бабамыздан үлгі алып, жастарға жол көр­сету және «Нұрлы Жол» бағ­­­дар­­ламасының өзектілігі мен маңыз­­­ды­лығын айшықтау. «Гене­ралдар кеңесі» РҚБ мүшесі, генерал-майор Марат Мәрденов, даңқты генерал-майор В. Панфи­лов­тың не­ме­ресі Алуа Байқа­дамова, Ұлы Отан соғысы­ның ар­да­герлері мен «Нұр Отан» пар­тия­сының белсенділері және Қырғызстан Рес­публика­сынан келген құрметті қонақ­тар бастаған автошерушілер ал­дымен Талдықор­ған қа­ласының ор­талық саяба­ғын­дағы мәңгілік алау­­ға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғы­сын­­да қаза тап­қан жауынгерлерге тағзым етті. Бір минут үнсіздіктен соң шыр­қал­ған мем­лекеттік Гимн ұлтық рухы­мызды асқақ­татты.

– Құрметті қонақтар, Жетісуға қош келдіңіздер! Сіздерді тағатсыз­дана күттік. Арнайы ат басын бұрып кел­гендеріңізге алғыс айтамыз! Сіз­дер­ге қарап біздің жас­тарымыз үлгі алып, бабаларымыздың батыр­лығына қарап бой түзей берсін. Жұрты­мыз тыныш, жолдарыңыз болсын, – деген Тал­ды­қорған қаласы әкімінің орын­ба­сары Марлен Көлбаев келген ав­тошеру­ші­лердің алға қойған мақ­сат­ының жү­зеге асуын тіледі. «Нұр Отан» пар­тиясы облыстық филиалы төраға­сының орынбасары Гүлнар Тойлы­баева ардагерлердің елдің бірлігін сақ­тау­дағы ерен еңбектерін айта келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың сындарлы саяса­тын жүзеге асы­рудағы құлшыныстарын тілге тиек етті. Кезекті сөз тізгінін қолына алған «Генералдар кеңесі» РҚБ өкілі, гене­рал-майор Марат Марденов: «Қуғын-сүргін мен ашаршылықтан есін жиып үлгермеген халықты алда Ұлы Отан соғысы күтіп тұрған еді. Қолына қару алып, әскери тактика­лардан хабарсыз ұл-қыздарымыз соғысқа аттанды. Зерек сарбазда­рымыз бірден майдан төрін­де ерлік көр­сетіп, баба жолын жаңғыртты. Міне, сол кезден бастап қазақ жерін­де алғашқы әскери құра­малар құ­рыл­ды. Авто­шеруіміздің негізгі ма­қ­саты да сол батыр­ла­ры­мыздың ру­хына тағзым етіп, ерліктерін жады­мыз­ға сақтау», – деді.

Жетісу соғыс жылдарында ал­ғаш­қы әскери құрамалар құрылған жер­лердің бірі және Панфилов дивизиясы да осында жасақталған. Сонымен қатар елу екі Кеңес Одағы­ның Батыры атанған жерлестеріміз өңіріміздің мақтанышы.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652