Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3689 0 пікір 5 Шілде, 2010 сағат 05:18

Назарбаев неліктен сауда ойын-сауық орталығын «Хан Шатыр» деп атағанын түсіндірді

Астана. 4 шілде. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев неліктен сауда ойын-сауық орталығын «Хан Шатыр» деп атағанын түсіндірді.

«Ертең біз «Хан Шатыр» деп аталатын тамаша сауда ойын-сауық орталығын ашамыз. Мен оны солай  атадым. Себебі далада «хан» деген ең жоғарғы лауазым тұлғасы. Және ең үлкен шатыр оған тиесілі болған. Сол дәстүр бойынша біз ең үлкен шатырды «Хан Шатыр» деп атадық», - деп  түсіндірді Н. Назарбаев жексенбі күні Астанада, «Атамекен» этно-мемориалдық кешен жанында мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде. Осы арқылы 6-шы шілдеде аталып өтілетін Астана туылған күнін тойлауға бастау берілді. 

Ол, бұл нысан да елорданың Бейбітшілік пен келісім сарайы («Пирамида»), Тәуелсіздік сарайы, өнер университеті, «Қазақ елі» ескерткіші, «Байтерек» сияқты көзге көрінерлік көрікті нысандары қатарында болатынын атап өтті. 

Президенттің айтуынш, кешеннің сыйымдылығы 10 мың адам. Оны танымал сәулетші Норман Фостер жобалаған.

0 пікір