Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2826 0 пікір 15 Шілде, 2016 сағат 10:28

Мемлекеттік Дума сайлауына қатысуға 22 партия өтініш берді

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы биыл қыркүйекте Мемлекеттік дума сайлауына қатысуға үміткер партиялардың өтініштерін қабылдап болды. Комиссияға 24 партияның 22-сі құжат тапсырды.

Дегенмен Әлеуметтік реформалар партиясының құжаттарынан қателік табылған соң, саяси партия парламенттің төменгі палатасындағы орындар үшін партиялық тізім бойынша таласудан бас тартты, деп хабарлады РИА «Новости».

Қалған 21 партияның 14-і федералдық саяси науқан қарсаңында сайлаушылар тізімін жинаудан босатылады. Мұндай партиялардың қатарында Думаның қазіргі шақырылымында өкілдері бар төрт партия - ЛДПР, «Справедливая Россия», КПРФ және «Единая Россия», сондай-ақ парламентте өкілдері жоқ «Яблоко», ПАРНАС, «Партия роста» секілді саяси партиялар бар.

Заңға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы құжат тапсырылғаннан кейінгі жеті күннің ішінде партиялық тізімдерді бекітуі керек.

Бұл сайлаудың бұған дейінгілерінен ерекшелігі, енді Мемлекеттік дума құрамының бір бөлігі партиялық тізіммен, келесі бөлігі – бір мандаттық округтердегі сайлау нәтижесімен жасақталады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4145