ЕЛІМІЗДІ ӘЙЕЛ БАСҚАРА АЛАДЫ
Елімізді керек десеңіз әйел де басқара алады!
Әуелі Ленинге қателікпен теңелген мына сөздерден бастасақ: «Любая кухарка должна управлять государством». Ленин имел в виду прежде всего, что даже кухарка как представитель широких масс трудящихся должна учиться управлять государством, должна быть вовлечена в государственное управление. Выражение было использовано В. В. Маяковским в поэме «Владимир Ильич Ленин»:
"Дорожка скатертью!
Мы и кухарку
каждую выучим управлять государством!"
Десе де, әрбір әйелдің бойында отбасындағы - басқару, ұйымдастыру, дамыту, ынтымақтастыру өнері һәм қасиеті табиғатынан дарыса, неге мемлекеттік билігіне лайықты емес?!
Ендеше мына тізімге мән берейік, Кристина Фернандес де Киршнер - Аргентина президенті, Даля Грибаускайте - Литва президенті, Дилма Русеф - Бразилия президенті, Ангела Меркель - Германия канцлері, Атифете Яхьяга - Косово президенті, Пак Кын Хе - Корея президенті, Колинда Грабар-Китарович - Хорватия президенттері, сонымен қоса қаншама Балтық, Апенин түбегінде, Еуропа, Африка елдерінің үкімет басшыларын былай қойғанда, кешегі Роза Отумбаева ханымның Қырғыздың уақытша президенті болып, демократиялық жолмен жаңа басшыға орын босатып беруі. Жалпы мұндай саяси даму үдерсінен шошынбауымыз керек.
Екінші мәселе, лайықтылардың шығуы.
Осы бағытта да дайын әйел затынан ел басқарушыларды қарастырсақ шығады. Мейлі, келешектің мәселесі болуы мүмкін, бірақ ең бір алғы-шарттың бірі елдің басына келетін келешек Елбасы - алдымен өңірді, аймақты басқарып, жергілікті мәселені шешіп көруі тиіс. Жергілікті жерді гүлдендіре білген адам тұтас елді де гүлдендіре алатын дәрежеге өзі-ақ өседі. Тек саяси басқару принциптері бұзылмауы керек!
Мақсат Жақау
Facebook-тегі парақшасынан