Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 7128 0 пікір 7 Маусым, 2016 сағат 11:39

РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ӨЗ ПАЙДАСЫНА ШЕШПЕК

Ақтөбедегі лаңкестік оқиға  қазақстандық және шетелдік БАҚ-та қызу талқыланып, болған оқиғаға әрқилы баға беріліп жатыр.


Мысалы, ескі һәм жаңа одақтасымыз Ресейдің «РБК» теларнасы прайм-таймнан уақыт бөліп, Ақтөбедегі атыс туралы арнайы бағдарлама түсіріп, «Ақтөбедегі атыс: теракт па, әлде мемлекеттік төңкеріс пе?» атты хабардың барсында әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан "Тоқтар Төлешев мемлекетті басып алмақ болды" деген мәліметке өздірінше болжам жасайды.  Сондай-ақ, қазақстандық саясаткер Әміржан Қосанов та пікір білдіріп, Ақтөбедегі терактінің жоспарлы түрде ұйымдастырылғанын және кәсіпкер Тоқтар Төлешев билікті күшпен басып алмақ болды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізсе,  ресейлік саясаттанушы Низия Ниязов Қазақстанның батысында болған оқиғаға Ресейдің қарулы күштерінің араласуы керектігін айтыпты.

(ресейлік саясаттанушы Низия Ниязов)

Жүргізуші Юрий Таманцев ресейлік саясаттанушыға «Ресей шекарасының түбінде орын алып жатқан осы тектес жағдайлар Мәскеуді алаңдатуы тиіс емес пе?» деп сұрайды. Сәйкесінше, саясаттанушы Ниязов та: «Сөз жоқ бұл Кремльді алаңдатуы тиіс. Өте ауыр жағдай. Меніңше қазір Мәскеу ішкі саяси ведомстволар арқылы қандай да бір тиісті шараларды қолдануы керек. Одақтасымыз Қазақстанның ішкі ахуалын реттеу үшін және ел ішінде тұрақтылық орнату үшін көмектесуіміз керек»,-деп жауап қайтарады. Сонда саясаттанушының айтып отырғаны нақты қандай көмек?

«Қазіргі жағдайда қазақстандық әріптестеріміз бұл терактіні жасаған исламистердің тегі Солтүстік Кавказ елдерінде деп жатыр. Егер шын мәнінде солай болатын болса, онда нақты ақпараттар келтірілуі тиіс. Әрине, Ресей қарулы күштердің көмегімен болсын, одақтасымыз Қазақстанның ішкі тұрақтылығын реттеуге, террористік ұйымдардың көзін жоюға РФ көмектесуі керек»,-дейді ресейлік саясаттанушы.

Ресейлік БАҚ-тың дезинформациялық саясатты берік ұстана отырып, Ақтөбедегі оқиғаға жасаған шолуы осылай түйінделеді.

Қазіргі таңда ресейлік арналар Қазақстан территориясында еркін ақпарат алу және тарату мүмкіндігіне ие. Тіпті, кей жағдайда ақпараттық негізі жоқ, жалған мәліметтерге сүйене отырып оқиғаға саяси баға беріп, Ресейдің ықпалына жығып жатса да, Қазақстанның құзырлы органдары оған  қыңқ етпейді. Олардың қызметіне шек қойылмағаны және рас. Сөйте тұра «Қазақстандағы жағдайды реттеуге Ресей ықпал етуі тиіс. Керек болса арнайы қызметтер арқылы» дейді.

«Арнайы қызмет» (Спецслужба) дегеніңіз – қарулы жасақ. Қарулы жасақтың қазақ топырағында қан төгіс жасауы еліміздегі қазіргі жағдайды ушықтырып жіберуі әбден мүмкін. Ақтөбедегі теракті – одақтасымыз, солтүстіктегі қоңсымыз – Ресейдің амбициясын аңғартты.

Ресейдің көршілес елдердің ішкі саяси һәм қоғамдық өміріне араласып, астам әрекет жүргізгісі келетін ниеті әмбеге аян. Мысалы, Украинадағы жағдайлар естеріңізде ме? Алғашында РФ Қарулы күштері Украинаға Виктор Янукович билігін сақтап қалуға жәрдем жасауға барған еді ғой. Ақырында Қырымды аннекциялап, Донбас пен Луганскінің ойранын шығарды. Сондай-ақ Путиннің Сириядағы содырларға қарсы Башар Асад үкіметіне жәрдемдесу үшін ретінде кіргізген әскері Сирия қалаларын қиратып, елдегі оппазицияны әлсіретуден әріге аса алмады. Ақыры АҚШ дипломатиясы жеңіске жетіп, Путин армиясын кері шығарып алғаны белгілі.

Қазақстандағы соңғы 3 ай ішінде орын алып жатқан оқиғаларды жіті назарда ұстап отырған Кремль қожайынының  кенеттен көмекшіл бола қалуының астарында қандай да бір теріс пиғыл  жатқаны ақиқат.

Түйін: Осы жайтты қанша ма рет қайталап айтсақ та, құзырлы органдар қозғалар емес. Еліміздің территориясында ақпарат таратып жатқан ресейлік арналардың арандатушы ақпараттарына тосқауыл қойылмай, елдегі тұрақтылықты сақтау және мәселені ушықтырмауға әрекет ету - бос әурешілік болып табылады.  

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

                                      

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5597