Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5851 0 пікір 2 Маусым, 2016 сағат 13:03

ТОҚАЛДЫҚҚА ҚЫРЫҚТАН АСҚАН ҚЫЗДЫ АЛСЫН...

Кейінгі кезде екі әйел алу, жалпы, бәйбіше-тоқал тақырыбына қатысты жазбалардың астына кейде салмақты, кейде қыжыртпа пікір жазып, кейде "бензин" шашып кетіп жүрмін. Біржақты пікір болмайды мұндай тақырыпта.

Бір танысым: "Екінші әйел алғысы кеп жүргендердің көбі жас қыздарға жүгіреді. Дұрыс та шығар. Бала сүйгісі келеді дегендей... Бірақ неге 40-тан асқан отырып қалған қызды алмасқа? Егер, шынымен, қазақ қыздарына жандары ашитын болса, сөйтер еді ғой. Олай емес, өкінішке қарай. Жап-жас қыздарға жүгіреді. Жар таңдауға мүмкіндігі мол ондай қыздар "тұмсығын қартайта алмай" жүрген орта жастан асқан "жігіттерді" неғылсын? Бірақ соны мәртебе қылатындар бар ғой, әсіресе дүние үшін", - деді.

Шынында да! Бірдеңе алып-қосудың өзі артық мұндайда. "Қазақ байыса, қатын алады" деген мақал да өздігінен шыға салмаған болар... Ал кейбір "данышпан" төмен етекті бәйбішенің өзімшіл болмауы керектігін айтып ділмәрсиді. Па, шіркін! Бірді екі ете алмай жүрген, не жұмысы оңды емес, не баспанасы жайлы емес босбелбеу еркектің екінші әйелді ойлауға шамасы жоқ, оның әйеліне де бәрбір, бәлкім... Ал өмірде бар қиындықты бірге көріп, бірге жетістікке жетіп немесе күйеуінің бар тентектігі мен серілігін кешіріп, сыртқа ештеңесін сездірмей, жылы-жұмсағын соның аузына тосып, жақсыны тек күйеуінің үстіне жапсырып жүріп өмірдің жарты белесін өткізген әйелді, кешіріңдер, "суперөзімшіл" деп айыптаса да, мен сондай жеңешелерімнің жағындамын! Тап сондай әйелдердің азаматтары екінші әйел алса, қазақтың саны көбеймек тұр ғой асып, дүниесі толмақ тұр ғой төгіліп, Қазақстан көркейіп гүлденіп кетеді десе де, қарсымын. Әйелінің арқасында тап-тұйнақтай болып, маңдайы жарқырап жүрген ондай азаматтардың сол жеңгелеріммен ғана қалғанын қалаған болар едім.

Әрине, бұл - менің жеке пікірім. "Екінші әйел алам" деп даурығатындар: "Маған ол тие ме екен", - деп неге ойланбайды екен, а? Жо-жоқ, мені ешкім алайын деп жатқан жоқ, менің де байсырап бара жатқаным шамалы, жүректеріңді орнына түсіріңдер! Тегісін айтқаным ғой... 

Жай... Кейде біздің елде барлық мәселенің түйіні шешіліп, дүниенің ұшы тек бәйбіше-тоқалға кеп түйіліп қалғандай осы тақырыпты жап-жас қыз-жігіттердің талқылап отырғанын оқығанда келген ой ғой.

Айгүл Болатханқызы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576