Жұма, 22 Қараша 2024
Алашорда 8674 0 пікір 29 Мамыр, 2016 сағат 14:12

ШЫҢҒЫС ҚАҒАН ҚАЗАҚ. БҰЛТАРТПАС АЙҒАҚТАР

1. ХХ ғасырдың басына, дәлірек айтқанда 1921  жылға дейін қазіргі Моңғолия Түркістан деп аталған.

2. Моңғол империясының 1331 жылғы картасында қазіргі орыс жері де «Алаш» құрамына кіретіндігі, оның империяның Қиыр Солтүстік батыстағы ажырамас бөлігі екендігі көрсетілген. Алаш пен Қазақ синоним және Алаш Қазақтың ұраны емес пе?

3. Шыңғыс қазан атамыздың тегі қазақ екендігінің басты айғағы күні бүгінге дейін бірде-бір ел Шыңғысты менің атам деп сенімді түрде айта алмай келеді. Егер оны біз айтпасақ, оны ешкім ешқашан айта алмайды. Айтқан күнде де оны өздерінен басқа ешкімді де сендіре  алмайды.

4. Шыңғысхан қағанатының ақшасы теңге деп аталған. Біздер оны қазірде де теңге деп атаймыз. Мына солтүстіктегі көрші орыстардың «деньги» деп жүргендері осы біздің теңгеміздің атауын орысша транскриптация жасағаны.

5. Шыңғыс қаған империясының  теңгелерінде «Қазақ», «Алаш» және «Аға хан» деген жазбалар болған.

Шыңғысханның елі қазақ деп аталмаса, мұндай жазбалар болмаған болар еді. Күні бүгінгі қолыңдағы теңгеңде де «Қазақстан» деген еліңнің атауы тұрған жоқ па? Бүкіл әлем елдері ақшаларында әр елдің өз атаулары жазылады. Негізінен мемлекеттің атауы мен ақша атауы сәйкес келмейтін жағдайларда көп кездеседі. Мысалы,  непал, пакистан, үнділер мен индонезиялықтардың рупиі;  югославия, кувеит, ирак пен иорданиялықтардың динары;   орыстардың рублі; қытайдың юаны т.т. Әйтсе де, сол елдің ақшаларында мемлекет атауы міндетті түрде жазылады. Ақшаларына мемлекет атауын жазбайтын ел тарихта болып көрмеген. Түсіне білген кісіге осы атаулардың бәрі сол елдің шыққан тегінен (тарихынан)   толықтай хабар береді. Мысалы, рупи (рупия), рубл деген атаулар қазақтың ру би, руыңды біл; динар – дін (дин) және а; юан – ман (Манғыстау) деген ұғымдарды қамтиды.

6. Ол замандағы мұңалдар (моңғолдар) қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Қазіргі Моңғолдардың тілі басқа. Мысалы, олар сол Шыңғысхан заманында мұңалдардың өзімен жазылған «Мұңалдың құпия шежіресі» атты тарихи еңбекті аудармашысыз оқи да, түсіне де алмайды.

Сол сияқты, Шыңғыс қағанға бағынған елдердің бәрі де осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген, яғни бәрінің ортақ тілі бүгінгі қазақтың ана тілі болған.

7. Олардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары дәл қазіргі қазақтардікіндей болды. Ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал, қазіргі Моңғолиядағы моңғолдардың  салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында айырмашылық өте көп.

Мысалы, сол "Құпия шежіреде" сол елдің келіндерінің үлкен кісілерге "Сәлем еткені" жазылған. Еске ұста! Қазақтан басқа ешбір елдің келіндері Сәлем етпейді. Үш жүз жылға жуық орыс бодандығы кезінде өзге өңірлердің келіндері бұл дәстүрді ұмытқан кезде, Қаз Адайдың келіндері сәлем етуді ұмытқан жоқ.

8. Қазіргі моңғолдардың рулық жүйесінде Шыңғысхан шыққан елдің рулық жүйесі жоқ. Ол жүйе тек қана қазақтарда сақталған. Шыңғысхан елінің рулық жүйесі демекші, ол жүйе Қаз Адайдан басқа ешбір елдің құрамында жоқ.

Барлық жазба деректерде атамыздың тегі ежелгі түріктің Қиян (Қият) руынан деп көрсетілген. Қиян атты ру Қазақтың қарашаңырағы Адайдың Мұңалынан өрбиді. Бұл Адай шежіресінде айқын көрсетілген. Әйгілі Мұрат ақынның "Үш Қиян" жырында еске алып қойыңыз. Дау тудырмас үшін басын ашып кетейін, Қият руы тек қана Адайда емес, Қоңыратта да, Өзбекте де, Қарақалпақтарда да т.б. көптеген елдердің ішінде бар. Бұлардың бәрінің тегі, яғни шыққан жері бір. Адай атадан тарайды. Қият руларының шыққан тегі Қиян. Қият оның көпше түрдегі атауы.

9. Шыңғысхан қағанатының бас таңбасы (гербі) «Тіл таңба» болған. Бұл таңба бүгінгі Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргададағы Шыңғысханға арналған "обелискіге" салынған.  Бұл "Тіл таңбалы Адайлардың»  бас таңбасы.

Осы "Тіл таңба" Маңғыстаудың ежелгі қорымдарының бәрінде де кездеседі. Шыңғыс қаған империясының бас таңбасы «Тіл таңба» болатын себебі, ең алғаш Ұлы Жаратушы - Алла Адам Ата мен Ауа Ананы жаратқанда осы біздің Ана тілімізбен бірге жаратқан. Бүгінгі Қаз  Адайлар сол алғашқы Адам Атаның қарашаңырағының иелері болып табылады. Адайдың Қазақ шежіресінің ең соңында тұрған себебі де осы. Мына батыс пен орыстың біздің аталарымызды «язычники» деп атап жүргендерінің де сыры осы.

Қазіргі Моңғол тайпаларының арасында Шыңғысханның «Тіл таңбасын» иемденетін бірде-бір тайпа жоқ. Ол таңба тек Адайларда ғана сақталған. Олар өздерін күні бүгінде де «Тіл таңбалы Адайлар» деп атайды.

10. Шыңғыс қаған атамызды менікі деп меншіктеп жүрген қазіргі Моңғолияда да, немесе өзге елдерде де

Шыңғысханның өсиеттері сақталмаған. Ал, біздің арамызда Атамыздың өсиеттері түгелдей сақталған.

Бұл жерде де тура Қорқыт бабамыз сияқты. Бүкіл Түрік Қорқытты менің атам дейді. Бірақ оның күйлері (Мысалы, «Қорқыттың күйі») тек қана қазақтарда сақталған.

11. Атамыздың лауазымы барлық тарихи деректерде қаған деп аталады.  Ал,  Моңғолда қаған деген лауазым жоқ.

12. Моңғолда хан деген де лауазым жоқ. Олар билеушілерін Қонтайшы деп атайды. Ол бүгінгі Моңғол аталған елдің ұрпағы болғанда Қонтайшы деп аталуға тиіс еді. 

13. Шыңғысханды қаған деп жариялаған жер бүгінгі қазақтың Сарыарқасындағы  Шыңғыс тауы. Қазақтың әйгілі он екі руынан (Он екі ата Байұлы)  бір-бір өкілден 12 адам атамызды сол таудың үстіне ақ киізге салып, көтеріп шығып тауды Шыңғыс деп атап, атамызға Шыңғыс деген мадақ ат береді. Бұл деректерді Шәкәрімнің шежіресінен таба аламыз. Оның руының Мұңал екендігінің айдай айғағы сол таудың ең биік шыңы күні бүгінде де Мұңал шыңы деп аталады. Шыңғысханның руы (атасы) Мұңал болмаса, Шыңғыс таудың ең биік шыңы Мұңал шыңы деп аталмаған болар еді.

Тура осы жағдайға байланысты Кавказ тауын үлгі етіп алуға болады. Қазақта оны ежелгі жыр, шежірелерде «Қап тауы» деп атаған. «Қап» тауы ұшы-қиыры жоқ, көп жерді орап алатын тау, яғни биіктік өлшем-межесі болған мекен жай.  «Қап»  таза қазақ сөзі. Бұл сөз күні бүгінде де бізде қолданыста бар. Кез келген затты ішіне салатын матадан (кенептен) жасалған ыдыс ретінде қолданылады. Бұл, алдыңғы Қап сөзінің балама мағынасы. Сонда «Капқаздың» толық мағынасы – Қазақтың ұлы тауы.

«Кавказ» тауының аты «қаз», «қазақ» сөзінен шыққанын және қазақтардың (касахи) біздің заманымыздан бұрын Каспий теңізінің батысында тұратын күн тайпасы екенін Чехославакия академигі Б.Грозный мен академик И.Я.Маррда көрсетеді. 

Кавказ – Қап және Қаз деген екі біріккен сөзден тұратын таза қазақи атау. Бұл жерде Қаздың (қазақтың) Қап сөзінен кейін тұрғаны, Қаптың сөз түбірі Ап (апа), яғни ана дегенді білдіріп, қазақтың Үш ананың баласы екендігін көрсетіп тұр. Бұл тұжырымымыздың кім-кімді де мойындатар, тағы бір бұлтартпас дәлелі,  Тау деген сөздің өзі Ауа анамыздың есімі екендігі. Тау менен Ауа анамыздың есімінің «Ау» деген бір түбірден  болатыны осы. Сөз түбірі жаңылыспайды.

Капқаз тауы мен қазіргі Қазақ даласының (Маңғыстаудың) арасын Каспий теңізі бөліп жатыр. Каспий сөзінің толық атауы Қас би. Каспий сөзіндегі «Пидің» түпкі мағынасы «Би». Бұның басты дәлелі, бұл күнде Қап тауының аржағында тұратын Албан елі (Албания) Қап тауын «Тау би» деп атаған.  Сол Албания мен Қазақтың Ұлы жүзінің (Ақарыс) құрамындағы Албан руының тегі бір, соған сәйкес таңбалары да бірдей. Демек, Тау бидің баурайындағы теңіздің Қас би аталуы өте орынды болып шығады. Тау би «үш анадан туған» қазақтың лақап аты. Оның кейіннен Қапқазға, яғни қазақтың Қап тауына айналуының сыры осы. Соңғы атаудан біз  ұлы, биік деген сияқты жалпылама атаудың анықталып, нақты Қазақ атымен аталғанын көреміз.

Енді мына жағдайға көңіл бөлейік. Осы таудың  биік шыңдарының бірі Елбұрыс, тағы бірі Адай шыңы деп аталады. Бұл жерде де таудың атына ел атауы, ал оның ең биік шыңына сол елдің атасының аты қойылған. Бұл тек Шыңғыс тауы мен Кап тауына емес, барлық тауларға да осылай қолданылады.

Элбурстың толық мағынасы Ел Бөрі, ал Адымыз ата, Айымыз ана. Демек, бұл бүгінгі қазақтың атасы Ел бөрілер, яғни Ад болса, қарашаңырағының иесі Адай деген сөз.

14. Олардың діні де біздің дінімізбен бірдей болды.  Жалғыз Жаратқанға сыйынып, Тәңірге табынды. «Құпия шежіренің» үш жерінде Шыңғысхан атамыздың «Мойнынан бұршақ салып, Тәңірден тілек тілегені» суреттеледі. «Мойынға бұршақ салып, Тәңірден тілек тілеу» қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Қазіргі моңғолдар мұндайды көз алдарына елестете де алмайды.

15. Шыңғыс қағанның айналасындағы рулардың барлығы күні бүгінде де қазақ халқының құрамында.

16. Қазақ аталған хандықтың (15 ғасыр) хандарының барлығы Сол Шыңғыс қаған атамыздың үлкен ұлы Жошыдан тараған ұрпақтар болды. Өзге ру-тайпадан бірде-бір адам хан сайланған жоқ. Қазақта "Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі" деп аталған.

17. Барлық жазба да, ауызша да деректердің бәрінде қазақтың әйгілі ханы Абылайдың тегінің Шыңғыс Қаған екендігі айтылады. Тек қана Абылай емес қазақтың барлық хандары Шыңғыс қаған атамыздың үлкен ұлы Жошы әулетінен болды.

17. Шыңғыс қағанның өзінің де, ата-бабаларының да, бала-шағаларының да, айналасындағы барлық қолбасшыларының да аттары (есімдері) бәрі-бәрі қазақша қойылған. Ол бүгінгі моңғол болғанда, олардың аттары да, рулары да моңғол тілінде болуға тиіс емес пе?

19. Шыңғыс қағанның арғы аталары да, өзі де, үрім бұтақтары да тек қана Қоңыратпен құда болған. Ежелгі Қазақтар ешқашан діні, тілі бөтен елмен қыз алысып, қыз беріспеген.  Европа тарихшыларының осындай қарапайым дүниені түсінуге саналары, яғни  ақылдары мен білімдері жетпеді. Ал, біздің «Орыс тілді білгіштер» Өзіміздің қоңыратты жат-жұртпен («білгіштердің» айтуынша жаумен) мәңгі бақи құда қылып қойды.

20. Шыңғыс ханның тегінің қазақ екенін әлем елдерінің көбі біледі. Әйтпесе, украин тарихшысы Владимир Белинский,  Авар тарихшысы Мұрат Аджи, ағылшын жазушысы Гофедей Лияс және өзгелер "Шыңғыс ханның тегі Қазақ" деген тарихи еңбектерін жазбаған болар еді.

21. Шыңғыс қаған ордасы бүкіл әлем тарихында Алтын Орда деп жазылған. Негізінде Алтын Орда деген атау тек қана Шыңғыс қаған Ордасының атауы емес, ежелгі қазақ қағандарының бәрінің Ордасы солай аталған. Бүкіл әлем елдері түгелге жуық осы Ордадан басқарылды. Еске ұстайық! Алтын Орда деген сөз қазақтан басқа ешбір елдің сөздік қорында жоқ. Алтын Орда мен Алшынның тегі бір. Алтын мен Алшынның түбірлес болатыны да осыдан.

22. Қаған ордаларының Алтын Ордадан да басқа тағы бір атауы бар, ол Алаш Орда. Ежелгі деректерде осы екеуі қатар атала береді. Алтын мен Алаш синоним, екеуінің түбірі (түбі) бір.

23. Алаш пен Қазақ синоним болып табылады. Ежелгі тарихшылардың еңбектерінде осы екі атау бірінің орнына бірі қолданыла береді. Алаш қазақтың ұраны, яғни Алаш қазақтың баласы.

24. Шыңғысханның сенімді уәзірлерінің бірі найман руынан болған. Әскерлерінің бәрі де қазақ тайпаларынан құралған. Еуропа патшаларына жіберілген елшілер жеткізген хаттар да қазақша жазылып отырған. Ол хаттар қазір еуропа елдеріндегі мұражайларда сақтаулы. Мөрі де қазақша. Мөрде "қазақ" деген сөз барын зертеушілер айтып жүр. Егер моңғол болса, моңғолша жаздырған болар еді.

25. Қазақтың барлық хандары, әйгілі қоғам қайраткерлері, яғни ұлы тұлғаларының бәрі Шыңғысханның тікелей ұрпақтары болып табылады.

26. Қалқа Моңғолдар жайлы «Мұңалдың құпия шежіресінің» еш жерінде жазылмаған. Қалқалықтар  қазақтар сияқты Тәңірге табынбаған.

27. Баршамызға белгілі Шыңғыс ханның елі көшпенді халық. Ал, көшпенді халық тек қана қазақ халқы. Отырықшы елдердің Шыңғыс қағанға таласуға құқықтары жоқ.

28. "Шыңғысхан қазақ болмаса, неге онда қазақтың барлық хандары мен сұлтандары таққа талас кезінде тек Шыңғыс тұқымынан болуы міндет болды ?" -деген сұраққа ешбір ұлттың ғалымы жауап бере алмайды.

29. Қазіргі моңғолдар садақтың оғын «сұм» деп атайды. Шыңғыс хан оны «жебе» деп атаған. Сол үшінде атақты мерген Жорға Адайға «Жебе» деген лақап (мадақ) ат берген. Ал, «Жебе» Қаз Адайдың рулық таңбасы болып табылады.

30. Шыңғыс қағанның тегі қазақ болмаса, Теміршіге Шыңғысхан деген қазақи лақап (мадақ) атты бермеген болар еді.

31. Шыңғыс қағанның тегі қазақ болмаса, Қазақтың Сарыарқасының қақ төріне атамыздың құрметіне Шыңғыс тау деген тау атын бермегн болар еді.

32. Шыңғыс қағанның тегі Алшынның қарашаңырағы Адайдың Мұңалынан тарамағанда, Шыңғыс таудың ең биік шыңын Мұңал шыңы деп атамаған болар еді.

Жарайды. Осымен тоқтайын. Әйтпесе, мұндай бұлтартпас айғақтарды ондап, жүздеп, мыңдап келтіре беруге болады. Қалғанын бірге жалғастырайық...

Міне осылайша, Шыңғыс қаған атамыздың тегі Қазақ екендігі ешқандай дауға жатпайды. Ол Маңғыстаулықтарға Атам заманнан белгілі. Адайдың шежіре дерегі бойынша Шыңғыс қаған атамыздың тегі Қиян (Қият), Адайдың Мұңалынан өрбиді. Таңбасы "Тіл таңба", бұл да Адайдың негізгі таңбаларының бірі. Ежелгі шежірелердің бәрінде олар "Тіл таңбалы Адайлар" деп аталған. Лауазымы "Қаған". Қаған деген сөз қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Қ-аға-н деген сөздің толық мағынасы, Хандардың ағасы. Өздеріңіз көріп отырғандай, "Хан" сыртында, "аға" қақ ортасында тұр. Қазақта ең киелі сөздер осылай жасалады. Мысалы, Садақ - Сақ Ада (Ата), Сабақ - Сақ апа, Сенек-Сақ Ене, Қағаз - Қаз аға, Сағақ – Сақ аға (Су басталмайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан) т.т. болып кете береді. Еске ұстайық! Бұл жерде "авторлық" құқық сақталып тұр. Шыңғысхан да, оның елі де бүгінгі қазақтың Ана тілінде сөйлеген.

Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Бұл шындықты бүгін мойындай алмасаңыз, ертең мойындайсыз; ертең мойындай алмасаңыз, арғы күні мойындайсыздар; арғы күні мойындай алмасаңыздар, оның арғы күні мойындайсыздар. Түптің түбінде бәрібір мойындайтын боласыздар. Мұндай жағдай (жаттың ықпалымен аталарынан адасып қалу) қазақ тарихында бұрында да сан рет болған. Бәрінде де бүкіл әлем Қаз ағаларына (Қазаққа) қайта оралып отырған. Атам қазақтың "Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар" деген мақалы осыдан қалған. Бәрің бірдей Дарвин айтқандай "маймылға" бала болып кетпесеңіздер, мен айтқан тұжырымға күні ертең-ақ келесіздер. Ол күн алыс емес. 

Тарих тағлымы: Бүкіл ғаламды алсаңда, қаншама байлық жисаңда бәрі өзіңмен бірге кетеді. Артыңда өнегелі ісің мен ілім, өлмейтін сөзің, сөзің мен ісіңді өлтірмейтін саналы ұрпақ қалдыру барлық қазақ азаматының ең абыройлы парызы болып табылады. Бұл парызға соңғы екі мыңжылдықта Шыңғыс ханнан артық адал болған адам жоқ.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299