Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4556 0 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 13:03

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ БИЗНЕС-АРНА ХАБАР ТАРАТУДЫ БАСТАДЫ

ABCTV – бұл Қазақстанның экономикалық және қаржы жаңалықтарын эксклюзивті жеткізуші. Телеарнамен қатарласа қаржы, экономикалық, саяси жаңалықтар тарататын жаңа www.abctv.kz порталы іске қосылды.

Жаңа медиа-ресурстың басты мақсаты – бизнес-қоғамдастықты тың ақпаратпен қамтамасыз ету, бизнесмендерге және іскер адамдарға маңызды шешімдер қабылдау үшін қажетті шынайы әрі өзекті іскерлік ақпарат ұсыну. Хабар тарату қазақ және орыс тілдерінде жүретін болады.

Atameken business channel арнасының аудиториясы – шағын, орта және ірі бизнестің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, бір сөзбен айтқанда, өз уақытын бағалайтын және объективті ақпаратты жедел алуды қалайтын прагматик адамдар, жаңа технологияларға және девайстарға қызығатын адамдар болмақ.

www.abctv.kz теледидары – LiveStream режимінде жұмыс істейтін ғаламтордағы бірінші ТД-арна.  Ол Қазақстан, ЕАЭО, ТМД және дүние жүзіндегі жаңалықтарды қамтиды. Мұнда сараптамалық бағдарламалар, даму болжамдары мен нарықтағы өзгеріс, мамандардың пікірлері мен сарапшылардың бағамы және басқалар айтылады.

Телеарна Қазақстанның екі қаласынан: Астанадан және Алматыдан бірдей хабар  тарататын болады. «IBS» және  Almaty Tower бизнес-орталықтарында жаңа тұрпатты екі жоғарытехнологиялық телестудия қызмет атқарады. Студиялар виртуалды алаңдар режимінде ORAD бағдарламасындағы қосымша нақтылықты қолдану мүмкіндігімен жұмыс істейді.

Айталық, 25 және 26 мамырда VIII Астана экономикалық форумының алаңында  құрылған мобильді телестудияда форумның VIP-спикерлерінің қатысуымен сұхбат жүргізіледі, сондай-ақ, барлық жаңалықтар мен оқиғалар бизнес-арнаның тікелей эфирі арқылы беріледі.

Телеарнамен қатарласа қаржы, экономикалық, саяси жаңалықтар тарататын жаңа www.abctv.kz порталы іске қосылды. Онда сараптамалар, рейтингтер, тұжырымдар, болжамдар, валюта бағамдары, құнды  қағаздар, қымбат металдар нарығы, шикізат және шикізат емес ресурстар, банк, биржа және компаниялардың жаңалықтары айтылады.

Atameken business channel арнасының басты ақпараттық серіктестері – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, THOMSON REUTERS – сараптамалық ақпараттың, ақпараттық шешімдердің және бизнеске арналған мәліметтер базасының көшбасшы жеткізушісі, KASE – Қазақстан қор биржасы.

Бағдарламалардың жүргізушілері тек кәсіпқой журналистер ғана емес, сонымен бірге экономика және қаражат, өнеркәсіп, өндіріс пен нарық саласындағы сарапшылар және де кәсіпкерлер екендігін айта кеткен жөн.

Алдағы уақытта жаңа телеарнадан мынадай бағдарламаларды көруге болады:

«Наталья Шпармен басты жаңалықтар» –  басты нәрселер туралы қысқа да нұсқа, дәл ақпарат.

 «Юлия Синчукпен нарық туралы» – нарық проблемалары, заманауи трендтер.

«Ордабаев. Өзекті» –  кәсіпқой сарапшылардың өзекті мәселелері. «Больгерт. Салалар» – талдау мен болжам.

«Гүлнар Әмреновамен галстуксіз бизнес» – еліміздің жетекші бизнесмендерімен сұхбаттар.

«Ғалия Маратпен бизнес-класс» – пәтерлер, автокөліктер, салондар, мейрамханалар туралы және бизнес-класс деңгейіндегі көптеген мәселелер. 

Аbai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5376