Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3446 0 пікір 23 Қыркүйек, 2016 сағат 10:04

ОҚО әкімі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болды

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Шымкенттегі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болды.

Жұмыс тобы «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының президенті Жанетта Жазықбаевамен бірге әлеуметтік, құқықтық және медициналық көмек алып жүрген тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысты. Кездесуде облыс әкімі ВИЧ індетіне шалдыққан балаларды ортадан шеттетпей, қоғамға бейімдеу қажеттігін айтты.

Айта кету керек, 2006 жылы құрылған қоғамдық қор соңғы үш жылдан бері онкология, гепатит В, С, қант диабеті, тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі бағыттар бойынша көмек көрсетіп, қолдаумен айналысады. Бүгінгі таңда қорда 247 бала есепте тұрады.

 

 

ОҚО-да әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінуде. Өңірдің халық қалаулыларымен болған кездесуде өңір басшысы осылай деді. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың барысын баяндау кезінде аймақтағы 10 денсаулық сақтау нысанынының құрылысы жүргізілсе, 8 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқаны айтылды. «Облысымызда әлемдік медицинадағы озық технологиялар пайдаланылуда. Балалар қан тамыр хирургиясын дамыту қолға алынды. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлініп отыр. Есепті кезеңде нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 13, қан айналымы аурулары 15, туберкулез 24, онкопатология 2 пайызға төмендеді», - деді аймақ басшысы.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588