Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4958 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 17:56

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 42 мектеп пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 42 мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы, облыс әкімі мәслихат депутаттарының алдында берген есебінде айтты. Ағымдағы жылы оңтүстік өңірде 37 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, балаларды қамту көрсеткіші 80,5 пайыздан 82,3 пайызға жеткен. Жан саны жыл сайын жақсы өсім беріп жатқан өңірде осылайша білім беру мекемелерінің саны артып келеді.

Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мұнан бөлек, 42 мектеп, 6 балабақша пайдалануға беріліп, соның нәтижесінде 11 апатты жағдайдағы мектептің және 9 бірдей үш ауысымды мектептердің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар,  77 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов халық қалаулыларына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жартыжылдықта 33 383 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылғанын жеткізді. Айта кету керек,  бұл республикалық көрсеткіштің 16 пайызын құрайды. Аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 27 пайызға төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайызды құрағанын айтты.

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2583
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 724
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 685