Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3894 0 пікір 19 Қыркүйек, 2016 сағат 10:59

«Ой-сана» байқауының ережесі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен "Ой-сана" байқауы өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шараны «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан  Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында  ұйымдастырып отыр. Орыс тілі білгірлерінің VIII республикалық «Ой-сана» байқауы Астана қаласы, Абай даңғылының бойында орналасқан «Іскер» бизнес орталығында 23 қыркүйек күні өтеді деп жоспарланған.  

Байқаудың мақсаты – қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін оқуға деген құлшынысын арттыру, риторикалық дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру, орыс тілін еркін меңгерген дарынды жастарды насихаттау және оларға қолдау көрсету.

Байқауға облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған, 18-22 жас аралығындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы білім беру мекемелерінде, орта және орта арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде білім алатын жастар қатысады.

Байқау шарты:

-  Бірінші номинация бойынша жаңылтпаштарды мүдірместен оқу әрі анық айту;        

- Екінші номинация бойынша берілген тақырыпқа орыс тілінде эссе жазу (жазбаша), диалог құрастыру (ауызша);  

- Үшінші «Шабыт жұлдызы» номинациясы бойынша: орыстың халық әнін (заманауи әні) орындау немесе  театрландырылған интерпретациядағы  көркем шығармадан үзінді қою (пьеса, ертегі және т.б.).

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып,  диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау мәресі жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Байланыс телефондары: 8/7172/ 40-83-97, 87023768400

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671