Жексенбі, 24 Қараша 2024
Арылу 4231 0 пікір 15 Қыркүйек, 2016 сағат 09:07

ҚАЙРАТ БАУЫРЫМ, КРЕМЛЬГЕ БАРМАЙ-АҚ ҚОЙШЫ...

Жақында қазақ БАҚ-тарынан Қайрат Нұртастың Кремльге концерт беруді армандап жүргенін оқып қалдым. Кеңес Одағында өскен біздер үшін Мәскеу еліміздің жүрегі де «күн көсем» Ленин жерленген Мавзолейі «киелі жер» болатын. Мәскеуге барып Лениннің басына бармай шығу күнә есептелетін. Мен де түнгі төрттен кезекте тұрып күндізгі он екіде өлген орыстың өлігіне жеткенімізде коммунистердің кейбіреуі өкіріп жыласа, бірі мөңіреп жоқтағанын көз көрді... 

Кеңес Одағында «коммунизм» елесі (мұның не екенін ешкім түсіндіріп бере алмайды) орнады. Кеңес халқының «қызыл қанына боялған» Мәскеудегі Кремль сарайының алды қызыл алаң. Бұл жерді кеңес халқының  әрбіріне бір көру «арман» болды, әрі надандықтың шектен шыққан сорақысы дәл осы жерден басталды. 1953 жылы сұм Сталин өлген соң, Қызыл алаңда онымен қоштасу болады. Сталиннің қазасына  ботадай боздап еңіреген жандарда есеп жоқ. Ата-анасы қайтыс болса дәл осылай жыламас еді. Жылағаны былай тұрсын; «Күн көсем өлді. Қаратүнек орнады. Енді өмір сүрудің құны жоқ. О, дүниеде өзіңізбен біргеміз» -  деп он мың надан өз-өздерін өлтірген. Қызыл алаң ессіз есерлердің өлігіне толып кеткен. Кремль кеңес халқының 110 миллионын атып, түрмеде, аштықпен қырып, лагерлерде азаптап қорласа, 93 ұлтты тұқымымен құртып жіберген орын. Иә, билік басына залым келсе халықтың соры. Өткенде Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ир дүние салғанда жылаған халықты көрсеңіз, айтуға сөз жетпейді. Жерлеу біткен соң жыламағандарды жазалапты...      

 ...«Осы сай-сүйегiңдi сырқыратып, адами-азаматтық рухыңды қажайтын қасiреттi оқиғаға республикамызда әлi күнге дейiн жан-жақты, әдiлеттi баға берiлген жоқ. Тiптi Голощекиннiң оң қолы болып, елiмiздегi теңдесi жоқ ашаршылықты қолдан ұйымдастыруға “септiгi тиген” адамдар да осы уақытқа дейiн құрмет биігінде, мектеп, көше аттарын иеленуде...»*- деп жазады Мұхтар Шаханов өз шығармаларында. Мұха-ау, бұдан 80 жыл бұрын оқиғаны айтасыз. «...Спатаев до сих пор считается не убитом, не жертвой, а умершим преступником, поскольку его умирающего, собирались привлечь к ответственности «за организацию массовых беспорядков», и прекратили уголовное преследование лишь в связи со смертью. Бывший прокурор Республики Елемисов договорился до того, что Спатаев сам себя убил, оказывая сопротивление при задержании. Необходимо установить виновников гибели Спатаева и реабилитировать его имя, хотя бы посмертно..» деп 1991 жылғы баяндамаңызда атап өткендей, Алматыдағы жастардың қаны әлі кеппей жатып, желтоқсанда «қанды қасапқа» үлес қосқан Қазақстанның сол кездегі бас прокуроры Елемесовке Көкшетауда бір көшенің атын беріп үлгерді... 

1989 жылы маусымда КСРО депутаттары сиезден қолдары босаса таяқ тастам жердегі Қызыл алаңға келіп серуендейді. Қандай ұқсастық Кремльдің қызыл алаңында  Қазақстаннан барған, аяқтарын талтаң-талтаң басып шіреніп жүрген 98 депутаттың арасында 1986 жылы Алматының желтоқсан алаңында жастарды қырып салған, қолдары қанға боялғандар «Ата жауын ойсырата жеңіп, «жеңіспен» Қызыл алаңда өтіп бара жатқандай сезінгендері де жетерлік еді. Алаңнан бір қадам аттасаң «Алаш арыстарын» жазықсыз атып тастаған түрме бар. Қасапшы жендеттердің жүрген жолдары да істеген істері де қандай ұқсас. Алаш арыстарын өлтіргендер қаншалықты жазаланғанын қайдам, қазақ жастарын қырған жендеттер, әзірге биліктен–билікке өсіп, жағалары жайлауда шалқып жүріп жатыр. Мәскеудің қызыл алаңын басып жүрген солардың қайсысына болашақта, көшенің, қаланың атын иеленіп, Астанада ескерткіштері тұрғызылар екен?... 

Асылдарымыздың қаны судай аққан жерде секіріп билеп, ән шырқамай-ақ қойшы, әруақтардың мазасын алып. 

Тоғайбай Нұрмұратұлы 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5700