Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4060 0 пікір 15 Қыркүйек, 2016 сағат 00:00

«Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізу жөніндегі ережесі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

2016 жылдың 24 қарашасында өтетін байқаудың ережелерін оқырман қауымға ұсынуды жөн санап отырмыз. 

«Текті сөздің төресі – терме»

республикалық жыршы-термешілер

байқауын өткізу жөніндегі ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1. «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы (бұдан әрі – Байқау) Қазақстандықтардың тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған.

 

Байқау әр жылдың бірінші жарты жылдығында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3827 Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай өткізіледі.

2. Байқауды өткізудің мақсаттары:

1)    Қазақстандықтардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

2)      ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр және терме жанрын дамыту;

3)    жыр және терме өнерін жастардың арасында дәріптеу;

4)      заман талабына сай жаңа жыр және терме шумақтарын жарыққа шығару.

3. Байқауға әр облыстан және Астана, Алматы қалаларынан
16 жасқа толған бір үміткерден қатысады.

4. Байқау жеңімпазын қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы анықтайды.

5. Байқаудың алдыңғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бас жүлде,
І, ІІ, ІІІ орын иегерлері) осы байқауға қатыстырылмайды.

 

2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Байқау қалалық, облыстық жергілікті атқарушы органдардың (Тілдерді дамыту басқармалары) жәрдемдесуімен өткізіледі.

8. Байқауды өткізу туралы хабарландыру жылдың бірінші жарты жылдығында БАҚ-та жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында орналастырылады.

9. Байқауға қатысуға ұсыным жөніндегі өтініш хаты жыл сайын хабарландыру жарияланғаннан бастап 1 қыркүйекке дейін облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарынан (Тілдерді дамыту басқармалары) төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

1)      деректемелік ақпарат (осы ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

2)      жеке куәліктің көшірмесі;

3)      ұсынылатын жырдың немесе терменің мәтіні.

10. Осы ереженің 9-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған үміткерлер Байқауға қатыстырылмайды.

11. Байқауға ұсынылатын жыр немесе терме бұрын еш жерде орындалмаған жаңа шығарма болуы шарт.

12. Байқауға қатыстырылатын жыр немесе термеге ұсынылатын тақырыптық бағыттар:

1) Ел бірлігі туралы;

2) Тәуелсіздіктің 25 жылдығы туралы;

3) Тілдің Қазақстан халқын топтастырудағы маңызды рөлі туралы;

4) Мәңгілік ел идеясы туралы.

13. Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін халық өнері шеберлерінен, қоғам қайраткерлерінен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен қазылар алқасы құрылады.

14. Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды негізге алады:  

1) шығарманың ұсынылған тақырыптарды қамтуы мен өзектілігі;

2) шығарманың мазмұн тереңдігі;

3) шығарманы орындау шеберлігі;

4) тіл нормасының сақталуы;

5) сахна мәдениеті.

15. Бас жүлде және жүлделі орындарды иемденген қатысушылар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

3. Ұйымдастырушының міндеттері

16. Ұйымдастырушы ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық мәселелерді, конкурсты дайындау және өткізу бойынша жұмыс бағыттарын келісу мәселелерін пысықтайды.

17. Байқауды ұйымдастырушының міндеттері:

1) Байқауды өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) Байқауға дайындықты және оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын үйлестіру;

3) БАҚ-пен жұмыс;

4) Байқауды өткізудің бағдарламасын әзірлеу;

5) Байқауға қатысуға өтінімдерді жинау, өтінімдерді рәсімдеу мен берілуінің Байқау талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеру;

6) қазылар алқасына ұсыну үшін терме немесе жырлардың мәтіндерін әзірлеу;

7) қазылар алқасының құрамын құру және оның қызметін үйлестіру.

 

«Текті сөздің төресі – терме»

республикалық жыршы-термешілер

байқауын өткізу жөніндегі ережесіне

Қосымша

 «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауына қатысушыға арналған деректемелік ақпарат

  1. Т.А.Ә. _________________________________________________________

 

  1. Жасы _________________________________________________________

 

  1. Жынысы _________________________________________________________

 

  1. Жұмысы _________________________________________________________

 

  1. Мекенжайы

             _________________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары

_________________________________________________________

 

  1. Наградалары, марапаттары

__________________________________________________________

 

      _________________________________________________________

 

8. фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)

____________________________________________________________

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5683