Дүйсенбі, 18 Қаңтар 2021
46 - сөз 3532 0 пікір 31 Тамыз, 2016 сағат 11:53

"БОЛАШАҚТЫҚТАР" ҺӘМ ДОМАЛАҚ АРЫЗ


Соңғы кезде "шетелде тұрғаныма түгенше жыл болды, сонда байқағаным болашақтық балалар мені лақтырып кетті" , "шетелге біз оларды оқуға жібердік, сақал өсіруге емес", "біздің налогымыздың арқасында жұрттар шалқып жүреді", "басқа елдің бәрі аз алады, бұларға енді тым көп береді" деген сыңайдағы домалақ арыздар көбейіпті. 

1) Болашақтық тарапынан заңға томпақтау оқиға көрсеңіз, атын атап, түсін түстеп, сол мекеме атына арыз қалдырыңыз. Болашақтықтар деп көпті қоса жазып, интрига тудырып керегі не?

2) Сосын салықты 30 жыл бойы біздің әке-шешеміз де төлеген, әлі төлеп те жүр. Тіпті, 7-10 жыл жұмыс жасап үлгерген біз де төлегенбіз. Өз салығыңызды қатты қимай тұрсаңыз, сіз де тапсырып, оқуға түсіңіз. Солай өз салығыңыздың ақшасына Өзіңіз оқыңыз! 

3) Бір қазақтың баласы жұмыссыз жүрмей, не басқа бір орыс пен қытай, не ағылшынның алдында сүмірейіп төмен тұрмай, ағылшын үйреніп жүргеніне қуансаңыз нетті? "Кілем сатсаң, көршіңе сат, бір шетінде өзің де отырарсың", не "Көршіңіз байып жатса қуаныңыз, Қуанғаннан намысың құламайды. Өйткені, саған бөліп бермесе де, Қол жайып ештеңені сұрамайды", - дейтін қазақ емес пе едік. 

4) Өз басым Болашаққа 2005 жылы бакалаврға тапсыруға барғанмын, сонда Аралдан келген ауылбайкаға ешкім бірдеңе түсіндіріп, жол сілтеп, сұрағына қазақша жауап бермеген. Үстерін брендпен баптаған бай-бағланның балдары көршінің тілінде сайрап тұрған алдында. Ал қазір ше? 2014 жылы қайта тапсырғанда қазақша сайраған, тіпті құжаттарың дұрыс болмаса қазақша ұрысқан апайларды көріп "еее,қазақ тілі, көрер жарығың бар екен ғой" дегенмін. 

5) Соңғы 4-5 жылда шетелге ауыл балалары кетіп жатыр. Бұдан былай одан да көп жібермек. Соның өзі-ақ бұл бағдарламаның қазіргі имиджін көрсетіп тұрғандай.

Пысы: Жалпы бар ғой, жақсылықты көре білу үшін де көз керек.

Айсәуле Әбілдаева

Abai.kz

 

0 пікір