Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3558 0 пікір 30 Тамыз, 2016 сағат 14:08

Көп жылдық екпеге көңіл бұра бастады

Күріш пен мақтадан бөлек шардаралықтар көп жылдық екпелерге көңіл бұра бастады. Соңғы бір жылдың көлемінде Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 220 гектарға, Жаушықұм ауылында 55 гектарға, Қоссейіт ауылында 13 гектарға жүзім көшеттері отырғызылды. Ал, Қ.Тұрысбеков ауылдық окруігінің тұрғыны А.Ибадуллаев 10 гектар алқапқа алманың «Павлинка» деп аталатын сортын өсіруді қолға алды.

Ауданда 2010 жылдан бері жалпы көлемі 1097 гектар жерге жеміс-жидек ағаштары отырғызылып, бағбандар өнім алып келеді. Аудандық жер қатынастар және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша бүгінгі таңда 209 гектар алқаптан  жүзім (гектар түсімі 35 цн), 70 гектардан алма (гектар түсімі 25 цн) теріліп, ауданның ішкі нарығына шығарылуда.

Азаматтар жұмыспен қамтылды

«Нұр Отан» партиясы мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлесіп,  2009-шы жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Біріңғай қабылдау күні» республикалық акциясын өткізіп келеді. «Нұр Отан» партиясының жұмыс жоспарына сәйкес аталмыш акция ағымдағы жылдың  26 тамызында Шардара ауданындада өткізілді. Акция аясында жұмыссыз азаматтарға  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

 Жәрмеңкеге 17 жұмыс беруші мекеме қатысып, 48 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге жалпы 63 адам қатысты, оның  46-сы жұмыссыз азаматтар. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 42 азамат  тұрақты жұмысқа орналасты, 1 азамат бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша несие алуға үміткер болып танылса, 3 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды.  Акцияға қатысушы  азаматтарға жұмысқа орналасу жөнінде және бағдарламаның басқа бағыттары жөнінде  кеңестер берілді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525